Нұрай Серікбайға аяусыз сілтенген пышақ: Сот-медициналық сарапшы кәсіби баға берді
Бейнеден кадр
Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысында сот-медициналық сарапшы сөз сөйлеп, марқұмға салынған пышақ жарақаттары туралы түсініктеме берді. Бұл туралы «Жетінші арнаға» сілтеме жасай отырып Orda.kz хабарлайды.
Телеарна мәліметінше, соңғы сот отырысында айыпталушы Шерхан Аймаханның биыл мамыр айында тергеу изоляторында берген бейнежазбадағы жауаптары тыңдалған. Онда ол марқұмға қанша рет пышақ салғанын айтқан.
«Есімде, Нұрайға 7 немесе 8 рет пышақ жарақатын салдым. Соққыны жалғастырғаным есімде, бірақ болған жағдайды толық білмеймін. Есімді жиғанда қайда кеткенімді түсінбедім, белгісіз бір жерде болдым», — деген еді айыпталушы.
Ал қызға салынған жарақаттарға сотта сот-медициналық сарапшы кәсіби тұрғыда баға берді. Оның айтуынша, ең ауыр әрі өлімге әкелуі мүмкін жарақаттар кеуде қуысы мен іш қуысына өткен терең жарақаттар.
«Барлық жарақат кеуде және іш қуысына өтіп, ішкі ағзаларды зақымдаған. Жалпы 8 жарақат ішке өткен. Алайда қорытындыда жарақат саны 8-ден көп көрсетілген, себебі мойын мен қан тамырларындағы зақымдар мойын бұлшықеттері жарақатына жатады. Жарақаттардың тереңдігін ескерсек, олардың өте қатты күшпен салынғанын айтуға болады», — деді сот-медициналық сарапшы Жанболат Пернебеков.
Сондай-ақ сот 19 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарын зерттеуді аяқтағаны белгілі болды. Сот жарыссөзі 11 тамызға белгіленген.
Еске салайық, қайғылы оқиға 11 қаңтар күні Шымкентте болған. Айыпталушы Шерхан Аймаханға кісі өлтіру, қудалау (сталкинг) және некеге мәжбүрлеу баптары бойынша айып тағылған.
Прокурор сотта қылмыстың мән-жайын қамтыған айыптау актісін оқыды. Тергеу деректеріне сәйкес, Нұрай Серікбайға жалпы саны 35 пышақ жарақаты салынған.
Шілде айының басында Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс Шымкент қаласы прокуратурасына жолданды. Жәбірленуші тарап істі қосымша тергеуге қайтаруды талап етіп, тергеу барысында заңбұзушылықтар болғанын айтып, күдіктіге тағылған айыптардың бір бөлігі алынып тасталуы мүмкін деп алаңдайтындарын айтты.
Марқұмның отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңгеден астам материалдық және моральдық өтемақы талап еткен. Бұған дейін Нұрай Серікбайдың ата-анасы оның өліміне қатысты сотта куәлік беріп, «Әке, мені алып кетші» дегенін айтқан болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық