«Әке, мені алып кетші»: Нұрай Серікбайдың әкесі сотта қызының соңғы сөзін айтты
Коллаж: Orda.kz
21 жастағы Нұрай Серікбайдың ата-анасы оның өліміне қатысты сотта куәлік берді. Жалғыз қызынан айырылған әке мен ана көз жастарын тия алмады, деп хабарлайды Orda.kz OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Марқұмның әкесі Бауыржан Сағымбек қызының қаза болған күні болған соңғы әңгімесін еске алды.
«Мен қызыммен телефон арқылы сөйлестім. Ол маған: «Әке, мұнда мен қаламайтын жағдай болып жатыр. Мені алып кетші», – деді. Кешкі жетілер шамасында жұбайым хабарласып, «Нұрайға бірдеңе болды. Ол жерде жатыр, полиция мені жолатпай жатыр» деді. Сол сәтте бір сұмдықтың болғанын түсіндім, басшылыққа хабарлап, дереу жолға шықтым», – деді Бауыржан Сағымбек.
Әкесінің айтуынша, Нұрай мектепті үздік бітіріп, жоғары оқу орнына мемлекеттік грантпен түскен. Оның болашаққа жоспары көп болған. Ашық мінезді, мейірімді, өмірсүйгіш қыз тұрмысқа шығуға асықпаған.
Ол маңызды шешімдердің барлығын ата-анасымен ақылдасқанымен, соңғы таңдауды өзі жасайтын болған. Қызды ұрлап, тұрмыс құруға мәжбүрлеген кезде де ата-анасы алдымен оның пікірін сұраған. Нұрай келіспеген соң, оны бірден үйіне алып кеткен.
Дегенмен сотталушы кінәсін толық мойындамады.
Алдыңғы күні Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында айыпталушы Шерхан Аймахан да жауап берді. Ол өз кінәсін толық мойындамай, қылмысты аффект күйінде жасағанын айтады.
Іс бойынша алдын ала тыңдау 23 шілдеде өткен. Айыптау актісіне сәйкес, Аймахан Нұрайды өз еркінен тыс алып кетіп, кейін оны аңдыған. Біраз уақыттан соң ол қызға пышақпен 35 рет соққы жасап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Қазіргі уақытта 28 жастағы айыпталушыға үш бап бойынша айып тағылып отыр: ерекше қатыгездікпен кісі өлтіру, аңду (сталкинг) және некеге мәжбүрлеу. Марқұмның отбасы оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын талап етіп отыр.
Бұған дейін іс прокуратураға жолданған кезде марқұмның отбасы тергеу нәтижелерімен келіспейтінін мәлімдеген болатын. Жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров тергеу барысында бірқатар өтініштер қаралмағанын және іс материалдарында елеулі заңбұзушылықтар бар екенін айтқан. Осыған байланысты отбасы Бас прокуратураға жүгініп, істі ерекше бақылауға алуды сұрады.
Бұл жағдайға Қазақстан президенті де пікір білдіріп, полиция қызметкерлерінің әрекетіне тиісті баға беру қажеттігін айтып, дұрыс жұмыс істеуді тапсырған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық