Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
Коллаж Orda.kz
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жарыссөз басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушы Шерхан Аймаханға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
«Жәбірленуші тараптың барлық берген жауабы толықтай расталды деп есептеймін. Серікбайдың Аймаханға ешқандай наразылығы жоқ екенін айтқан бейнежазбасын назарға алмауды сұраймын. Сараптама нәтижесі қыздың бейнежазба кезінде алдын ала жаттап алған мәтінді айтқанын көрсетті. Оның бейнежазбада сөздерін ұмытып қалған сәттерін бәріміз көрдік.
Құрметті сот, жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Соттан түпкілікті түрде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын», – деді прокурор Мадияр Әбілқасымов.
Бұған дейін Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысында сот-медициналық сарапшы сөз сөйлеп, марқұмға салынған пышақ жарақаттарына кәсіби тұрғыда баға берді. Оның айтуынша, ең ауыр әрі өлімге әкелуі мүмкін жарақаттар кеуде қуысы мен іш қуысына өткен терең жарақаттар.
Сонымен қатар марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы сотталушыдан 10 млрд теңгеден астам өтемақы өндіріп алуды талап етті. Қаза тапқан қыздың ағасы Сұлтан отбасының неге дәл осындай қаражат талап етіп отырғанын түсіндірді.
Оның алдындағы сот отырысында марқұмның әкесі Бауыржан Сағымбек қызының қаза болған күні болған соңғы әңгімесін айтып берген болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық