Неге Ресейде қазақстандық коньяк күдік тудырды?
УНН.
Қазақстаннан Ресейге 2,6 тонна жүгері тұқымын, 178 бөтелке коньяк және 1440 бума снюсты заңсыз кіргізбекші болған.
Бұл туралы Orda.kz Орал кеден басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Челябі кеденінің мобильді тобының қызметкерлері Ресей аумағына Қазақстаннан тыйым салынған, акцизсіз және реттелетін тауарларды әкелу әрекетін тоқтатты.
Кеден қызметкерлері Троицк қаласының маңында жүк тиеген автокөлікті тоқтатты.
– Кедендік тексеріс кезінде Челябі кеденшілері жүк көлігінен фитосанитарлық сертификаты жоқ 2,6 тонна элиталық жүгері тұқымын, ресейлік акциздік маркаларсыз 178 бөтелке коньяк және 1440 бума түтінсіз темекіні тапты, - деп түсіндірді Челябі кеден қызметінің баспасөз хатшысы Александр Земков.
Реттелетін өнімдерді әкелу және әкету тәртібін бұзу фактісі бойынша Ресей Федерациясының Әкімшілік кодексінің 10.2 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына қайтарылды.
Айта кетсек, контрафактілік тауарлар Ресейге коньяк атын жамылып, Қазақстаннан әкелініп жатыр деген күдік бар.
– 2020 жылы Рессейлік алкоголь өнімдерін реттеу деректері бойынша Қазақстаннан Ресейге 430 мың декалитрден астам коньяк өнімдері әкелінді. Алдыңғы 10 жылда бұл өнімдердің импорты нөлге тең болды. Қазақстан ешқашан шарап және жүзім шаруашылығы дамыған ел болған емес. Елдегі жүзім алқаптарының аумағы 12 мың гектардан аспайды және бүкіл жиналған өнім (жыл сайын шамамен 80 мың тонна) жергілікті нарыққа жеткізілетін шарапқа кетеді, - деді Ресейдің Коньяк одағының атқарушы директоры Дмитрий Чернев.
Ол теория жүзінде 100 мың тонна жүзімнен миллион декалитр коньяк дистиллятын өндіруге болатындығын түсіндірді, бірақ іс жүзінде бұл шындыққа жанаспайды. Шарап пен басқа да өнімдердің өндірісін, экспорт пен ішкі тұтынудың тепе-теңдігін ескеру керек.
Осыған байланысты Ресей коньяк одағы Қазақстаннан әкелінген дистиллятты дәнді этил спиртімен сұйылтады немесе шетелдік спиртпен (атап айтқанда, өзбек) араластырады деп санайды.
– Қазір коньяк дистилляты Қазақстаннан жеткізушілерден Ресейдің өндірістік зауыттарына тасымалданады, - дейді коньяк одағы.
Осыған байланысты, ұйым ФКС-тан қазақстандық белгілі жеткізушілерден алынған дистилляттар партиясын тексеруді сұрады. Нәтижесінде «сапасыз өнімдері бар бірнеше ондаған көлік шекарада ұсталды», - деп атап өтті ресейлік өндірушілер.
Жаңалықтар
- Иран АҚШ-тың блокадасына жауап ретінде Қызыл теңіз бен Парсы шығанағын жабатынын мәлімдеді
- Вашингтондағы келіссөздер: Рубио мен Жұманғарин не туралы сөйлесті?
- Погон таққан балуан қыз халықаралық жарыста І орын алды
- Атырауда полиция басқармасының басшысы ұсталды
- Шымкентте автогаз табу – нағыз сынаққа айналды
- Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты БАӘ шейхына қолдау білдірді
- Қазақстан құқықтық көмек туралы конвенциядағы өзгерістерді ратификациялады
- Ақтау маңындағы әуе апаты: Әзербайжан мен Ресей өзара келісімге келді
- 4 адам опат болды: Түркияда тағы да оқушы мектептегілерге оқ жаудырды
- Президент АХҚО басшысына елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды
- «Әндерді сатып алдым»: Композитор Қуат Әбіл пен әнші Баянсұлу арасындағы кикілжің оң шешімін тапты
- Маңғыстау облысында қатты нөсер мен дауылдан үйлерді су алып, шатырлар ұшты
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
- Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды
- Қазақстанда жаңа партия құрылады
- Ердоған Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды
- Қазақстанда коллекторлар қызметіне шектеу қойылды: Өзгеріс қандай?
- Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
- Бақытжан Базарбек: Олигархтарға «сот төрелігі» ерекше
- Ресейде жаңа заң: шетелдегі ресейліктерді қорғау үшін президентке әскер қолдану құқығы берілмек