Нұрсұлтан Назарбаев Алматы тұрғындарының жолын жапты
Фото: Orda.kz
Экс-президент атындағы саябақтың артында 50 гектар аумақта Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мен жақын серіктерінің зәулім үйлері орналасқан. Солардың кесірінен қала тұрғындарынының жолы бір жолата жабылды.
Күні кеше Алматы іргесіндегі Шамалған ауылының тұрғындары көршілері Болат Назарбаевтың үстінен шағым түсірген. Ол тау суының бағытын өз бетінше өзгертіп, ауылдастарын суармалы сусыз қалдырған.
Ал бұл жолы Болаттың ағасы одан асып түсті.
Көбі біле бермейді, бірақ төмендегі суреттегі жерлер 2000-шы жылдары экс-президенттің отбасы мен оның айналасындағылардың меншігіне айналған. Уақыт өте бұл жерде сарайлар бой көтеріп, шыршалар отырғызылып, барлығы биік қоршаулармен қоршалған.


Алматыдағы Дулати көшесімен «Оқжетпес» шипажайына көтеріліп бара жатқанда бетон құрылыс көзге түседі. Қашықтықты қысқарту үшін жақсы өңделген жолмен жаяу не көлікпен жүруге тыйым салынған.
Аумақтың жоғарғы және төменгі жағынан осыдан 7-10 жыл бұрын жол қақпамен жабылған болатын.


Жердің оң жағында «Жайлау» гольф клубы, алдында санаторий, сол жағында «Алмалы» корпорациясының аумағы орналасқан. Соңғысы, кейбір мәліметтерге сәйкес, Назарбаевтар «отбасының» сенімді адамдар тобына тиесілі.


Айта кетсек, Дулати көшесіндегі қақпа жаңартылып, жол бойына гүлдер отырғызылып жатыр.

Қақпаның артында қандай сәулет құрылымы тұрғанын толығымен көру мүмкін емес. Бірінші ашық қақпадан өтіп, «жеке» аумақпен жүрдік.



Монолитті қақпаларға жақындап көрдік. Қақпа жақтан күзетші шығып, бір-екі ауыз сөз алмасқан бойда журналистерді қуып жіберді.
Картаға сүйенсек бұл аймақтан еш қиындықсыз өтуге болады. Дегенмен, іс жүзінде олай емес.

Басқа жағынан
Арғы беттегі жабылған жолды айналып өтуге 15 минут кетті. Бұл жерден де өтуге тырыстық.

Бұл жолы күзетші журналистерге аз сөйлеп, өзін агрессивті тұрғыдан көрсетті. Бұл жолы да күзетшілер жеке аумақтың артына тығылып, тілшілерді аймақтан қуып шықты.

Жолда шипажайда демалып жатқан әйелді кездестірдік. Роза Меркулова есімді жергілікті тұрғын суретке түсуден бас тартқанымен, жолдың жабылғанын айтты. Санаторийдің бұрышында оның саяжайы бар. Әйелдің айтуынша, ол осыдан 10 жыл бұрын күйеуі мен ұлымен бірге осы жолмен еркін жүретін. Жиі велосипедпен тебетін. Қазір «ештеңе істей алмаймыз, өйткені мұнда бәрі жекенікі» деп әйел өткенін еске алды.
Orda.kz Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесі мен әкімдікке экс-президенттің отбасы резиденцияны қалай иеленгені және бұрын халыққа тиесілі жерді жабуға кім рұқсат бергені туралы сауал жолдады.
Жаңалықтар
- «Жағдайы жақсы отбасы»: Министр жұрт іздеген курьер әйел туралы пікір білдірді
- Тегіміз өмірге кедергі: Нұрқаділовтің немересі әкесі Қайраттың жұмыс таба алмай жүргенін жазды
- Президент дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты бірқатар мәлімдеме жасады
- Астанада бір топ жасөспірім бес оқушыны соққыға жыққан
- Павлодарда 34 миллион теңгеге жөнделген көпір суға батты
- Прокуратура тағы бір «резеңке пәтерді» анықтады: Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген
- Семейде 8 және 14 жастағы екі бала із-түзсіз жоғалып кетті
- Иран мұнайы қайтадан әлемдік нарыққа шығарыла бастады
- Мәскеу мен Мәскеу облысына украин дрондары жаппай шабуыл жасады
- Депутат еліміздегі жер сілкінісі туралы халықты жедел ескерту үшін жасанды интеллект енгізуді ұсынды
- Өзбекстан құрамасы футболдан әлем чемпионатындағы дебюттік матчта Колумбиядан жеңілді
- АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік меморандумының ресми жобасы жарияланды
- Түрме ішінде қылмыстық топ құрып, ақша бопсалағандар жаза қосып алды
- Ақ жол, Дастан! — «Қайрат» Сәтбаевты «Челсиге» шығарып салды
- Ормуз бұғазы маңындағы Иран портында Қазақстанның өз алаңы болады
- «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы президентке 3,3 триллион теңгенің 16 жобасын жүзеге асыру жоспарланғанын айтты
- Әдептік кеңес БҚО-да мас болып қызметтік көлік жүргізген әкімді жұмыстан шығаруды ұсынды
- Қостанайда қамаудағы бес азаматты сотқа алып бара жатқан полиция көлігі апатқа ұшырады
- Ұлттық ұланның 1 млрд теңгеден астам тұратын жері мемлекетке қайтарылды
- Әскери кафедрада оқығандар екі жылдық қызметке шақырыла ма?