Мемлекеттік рәміздер — ел егемендігінің басты нышаны
Фото: Егемен Қазақстан
Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын 4 маусымда аталып өтеді. Бұл маңызды мемлекеттік мереке 1992 жылы еліміздің жаңа Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми түрде бекітілген тарихи күннің құрметіне арналған, деп хабарлайды Orda.kz.
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілді. Сондықтан бұл күн еліміздің тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.
Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін рәміздік белгілер. Мемлекеттік рәміздер - көк ту, елтаңба және әнұран.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң 1992 жылғы 4 маусымда қабылданды. Осы заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусымда Қазақстанда мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше құрметтеледі, оларға жоғары мәртебе беріледі. Сондықтан Республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді құрметтеуі - парыз.
Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс.
Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, патриоттыққа үндейді, батылдыққа тәрбиелейді.
Рәміздер балабақшаларда да, мектептерде де, жоғары оқу орындарында да, мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында да көрнекті орындарға орналастырылған. Балабақша бүлдіршіндері оң қолының алақанын жүрек тұсына қойып «Менің Қазақстанымды» шырқағанда ерекше бір сезімге бөленетінің, жігерленіп қанаттанатының рас. Бұл ел болашағы – жастардың өз Отанын, өз жерін, өз елін қорғауға деген сезімін оятып, сенімін нығайтатыны анық.
Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай ауқымды концерт өтеді. 4 маусым күні сағат 17:00-де Алматы қаласындағы «Көк-Төбе» демалыс саябағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік Open-Air концерті басталады.
«Музыкаға, өнер мен шығармашылыққа толы мерекелік кеш қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлап, ұлттық бірегейлік пен қоғамдық келісім құндылықтарын насихаттауға ықпал етеді», – дейді ұйымдастырушылар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара заманауи фестиваль форматында өтіп, бір алаңда әртүрлі буын өкілдерін біріктіреді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық