Әлемдегі ең қымбат футболшы кім?
Халықаралық спорт зерттеу орталығы (CIES Football Observatory) Еуропаның жетекші бес лигасында ойнайтын ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады.
«Манчестер Юнайтед» клубының ойыншысы Маркус Рэшфорд рейтингтегі тізімді бастап тұр. Бұл ойыншы 165,6 миллион еуроға бағаланыпты. Екінші орындағы «Боруссия Дортмунд» шабуылшысы Эрлинг Холландтың құны 152 миллион еуро. «Ливерпульдің» қорғаушысы Трент Александр-Арнольд - 151,6 миллион еуроға бағаланып, алғашқы үштікті қорытындылаған. Ал, Киллиан Мбаппе болса, былтырғы рейтингте бірінші орында тұрған болатын. Ол биыл бесінші орынды қанағат етіпті.
Жетекші футболшылар жас ойыншыларға қарағанда соңғы жылдары айтарлықтай төмен рейтинг көрсетуде.
Мәселен, Лионель Месси тізімде тек 97-ші орында тұр. Оның құны 54 миллион еуроға бағаланған. Тіпті «Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду мен «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) Француз клубының шабуылшысы Неймар алғашқы жүздікке де ілінбеген.
Ең қымбат 10 ойыншының қатарына Боруссиядан Джейдон Санчо (148,3 миллион евро), Атлетикодан Джоау Фелиш (141,5 миллион евро), Бавариядан Альфонсо Дэвис (139,2 миллион евро), Манчестер Ситиден Рахим Стерлинг (136,9 миллион евро) және Челсиден Кай Хаверц (136 миллион евро) кірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық