Қызылорда облысында арықтан жас қыздың мәйіті табылды
Фото: Көрнекілік үшін
Қызылорда облысында канал бойында жас қыздың мәйіті табылғанына байланысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz облыстық полиция департаментіне сілтеп.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 2 маусым күні кешке қыз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Туыстары оның жоғалғаны туралы хабар берген.
Құқық қорғау органдары дерегінше, мәйіттің табылғаны туралы хабар 3 маусым күні кешке аудан тұрғынынан түскен. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері марқұмның жеке басын анықтады.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында тәжірибелі қызметкерлерден құралған арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және оған қатысы бар тұлғаларды табу мақсатында кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Полиция мессенджерлерде таралып жатқан оқиғаға қатысты кейбір мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеп, азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.
Сондай-ақ ведомство өкілдері сотқа дейінгі тергеу деректері жария етуге жатпайтынын атап өтті. Іс облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауында.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық