Ақтауда мүгедектігі бар 8 жастағы бала терезеден құлап мерт болды
Фото: Elements.envato.com
Ақтауда коррекциялық орталықтың үшінші қабатынан құлап кеткен 8 жастағы мүгедектігі бар бала екі айдан кейін ауруханада қайтыс болды. Марқұмның туыстары оқиғаға кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға Ақтаудағы коррекциялық орталықтардың бірінде болған. Туыстарының айтуынша, оқиға кезінде бірнеше бала ересектердің қарауынсыз қалған. Сол сәтте балалардың бірі терезені ашып, сыртқа ұшып кеткен шарды алмақ болған. Нұрәлі атты бала оны ұстап қалуға әрекет жасаған кезде үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.
Ауыр жарақат алған бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін екі ай бойы күрескенімен, барлық күш-жігер нәтижесіз болып, Нұрәлі көз жұмды. Белгілі болғандай, оның III топтағы мүгедектігі болған екен.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның жақындары тергеудің жан-жақты жүргізілуін, орталықтағы қауіпсіздік талаптарының сақталу-сақталмағанын анықтауды және терезелерде неге қорғаныс құралдары орнатылмағанын тексеруді сұрап отыр. Сондай-ақ, олар қайғылы оқиғаға жауапты тұлғалардың заң алдында жауап беруін талап етуде.
Оқи отырыңыз:
Дастан Сәтбаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын өткізіп, «Челсиге» ауысады
Әл-Фарабидегі қайғылы апат: Күдіктіні құтқармақ болғандардың өзі сотталуы мүмкін
Қарасай ауданында «Мұғалімдерді мәжбүрлі еңбекке тартты» деген ақпарат расталмады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық