Әл-Фарабидегі қайғылы апат: Күдіктіні құтқармақ болғандардың өзі сотталуы мүмкін
Коллаж: Orda.kz
Әл-Фараби даңғылында болған резонанстық жол апаты бойынша жаңа қылмыстық іс тіркелді. Бұл іс негізгі соттлаушы Александр Пактың ішімдік ішкенін жасырған азаматтарға қатысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін, прокурор тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушы жол апаты болған күні жеңіл дәрежеде мас болғанын айтқан еді. Медициналық сараптама оның қанынан 1,30 промилле алкоголь анықтаған.
Осы істе жәбірленуші тараптың бірінің қорғаушысы Мейірман Шекеевтің айтуынша, тергеу күдіктімен апат алдында бірге болған адамдарға қатысты материалдарды бөлек өндіріске шығарған.
«Бұлар айыпталушымен бірге отырып, ішімдік ішкен адамдар. Олар бастапқыда тергеуге күдіктінің алкоголь қолданбағанын айтып, басқа мәлімет берген. Бірақ кейін медициналық сараптама қорытындысы шықты, төленген есепшот табылды және басқа да дәлелдер жиналды. Қазіргі уақытта, Қылмыстық кодекстің 420-бабының 1-бөлігі бойынша жалған жауап берген деген күдікпен төрт азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды», — деді заңгер Шекеев.
Бұл резонансты жол-көлік апатына қатысты оқиғаның мән-жайын төмендегі сілтемелерден толығырақ біле аласыздар.
Оқи отырыңыз:
Әл-Фарабидегі апат: Күдікті заңға сай жаза алуға дайын екенін айтты
Әл-Фарабидегі апат: Марқұмдардың туыстары Пакты кешіріп, бас бостандығынан айырмауды өтінді
МЕЙІРМАН ШЕКЕЕВ: Депутаттық, Әл-Фараби жол-көлік оқиғасы және Шавкат Рахмонов
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық