«Қамшымен сабап, көсеумен ұрған»: Қарағандыда асыранды 6 баланы қорлаған ерлі-зайыпты сотталды
Фото: gov.kz
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алты баланы азаптау, оларға ауыр дене жарақатын келтіру және ірі көлемде алаяқтық жасау фактілері бойынша қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот материалдарына сәйкес, айыпталушылар Г. мен Д., сондай-ақ олардың қызы Б. 2008–2014 жылдары туған алты кәмелетке толмаған баланы ұзақ уақыт бойы жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшыратқан.
Іс бойынша анықталғандай, 2018 жылы ерлі-зайыпты Г. мен Д.-ға ата-ана қамқорлығынсыз қалған алты бала патронаттық тәрбиеге берілген. Алайда 2018 жылдан 2023 жылға дейін балаларға қатысты қатыгездік көрсетіліп келген.
Сот дерегінше, патронаттық ата-аналар балаларды ұрып-соғып, қорлап, түрлі жазалау тәсілдерін қолданған. Сонымен қатар олар кәмелетке толмаған Т.-ға ауыр дене жарақатын келтірген. Салдарынан бала ауруханаға жатқызылған.
Тергеу барысында патронаттық тәрбиеші Г.-ның мемлекеттен балаларды асырауға бөлінген қаражатты мақсатсыз жұмсағаны да анықталды. Ол қаржының бір бөлігін құмар ойын сайттарындағы бәстерге жұмсаған. Нәтижесінде мемлекетке 6,2 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.
Сотта тағы бір жайт белгілі болды. Қылмыс жасалған кезде кәмелетке толмаған болған ерлі-зайыптылардың туған қызы Б. ата-анасының әрекетін қайталап, олардың үнсіз келісімімен патронаттағы балаларға зорлық көрсеткен.
Үкімге сәйкес, ол А., К., М., Н. және У. есімді балаларды қолмен ұрып-соғып, күрек сабы, оқтау, қысқыш, шоқ көсейтін темір, швабра және қамшы сияқты заттарды пайдаланып дене жарақаттарын салған. Сондай-ақ балаларға тұрақты түрде психологиялық қысым көрсеткен.
Сот барлық дәлелдерді зерттеп, айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді деген қорытындыға келді. Сотталғандарға жаза тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық