Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан мұнай бағасы 200-300 долларға дейін көтеріледі
Коллаж: Егемен Қазақстан
Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуі және Ормуз бұғазының жабылуы елеулі экономикалық сілкіністерге әкелуі мүмкін, атап айтқанда, мұнай бағасы барреліне 200-300 долларға дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Ирак сыртқы істер министрі Фуад Хусейн неміс әріптесі Йоханн Вадефулмен телефон арқылы сөйлескен кезде мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz РБК-ға сілтеме жасай отырып.
Оның айтуынша, Ормуз бұғазының жабылуы Парсы шығанағы мен Ирактан күніне шамамен бес миллион баррель мұнай шығынына әкелуі мүмкін.
«Бұл Еуропа елдерінде инфляцияның өсуіне және Ирак сияқты өндіруші елдер үшін мұнай экспорты үрдісін қиындатуы мүмкін», - деді Фуад Хусейн.
Вадефуль, өз кезегінде, Германия Ирактың қақтығысқа тартылуына жол бермеу үшін әріптестерімен бірлесе жұмыс істейтінін айтты.
«Біз Иракта қауіпсіздік пен тұрақтылық болғанын қалаймыз», - деп мәлімдеді неміс министрі.
Екі елдің СІМ басшылары Иран мен АҚШ арасындағы, сондай-ақ еуропалық елдермен Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер процесін «шиеленісті төмендету жолындағы негізгі қадам ретінде» жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Тегеран Израильдің Иранның ядролық және әскери нысандарына соққысы басталғаннан кейін Ормуз бұғазының жабылғанын жоққа шығармады. Бұғаз арқылы әлемдік мұнайдың шамамен 20 пайызы және сұйытылған табиғи газдың әлемдік жеткізілімдерінің 30 пайызына дейін өтеді. Израильдің Иранға шабуылынан кейін Brent мұнайының бағасы 13 пайызға көтеріліп, барреліне 78,5 долларға жетті.
Биылғы мамыр айында еліміздің Энергетика министрлігі ОПЕК + келісімі аясындағы әріптестермен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және бұл форматты әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды құралы деп санайтынын атап өтті.
Израиль Иранға жасаған әуе соққысымен Таяу Шығыстағы онсыз да күрделі жағдайды одан әрі ушықтырды. Дегенмен бұл шабуыл Қазақстанға күтпеген экономикалық пайда әкелді, осы тұрғыдағы сарапшы пікірін мына жерден оқыңыздар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық