Қытай АҚШ-тың Тайваньға қару сатуын айыптады
Cурет: ашық дереккөзден
Қытай Қорғаныс министрлігінің басшысы АҚШ-тың Тайваньға қару-жарақ сатуын айыптап, бұл жағдайды нақты ушықтыру деп атады.
Қытай Қорғаныс министрлігінің басшысы Америка Құрама Штаттарына Тайваньның тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кез келген әрекетке Қытай тарапы күшпен жауап беретінін ескертті, деп хабарлайды ВВС орыс қызметі.
Қытай Қорғаныс министрлері Вэй Фэнхей мен АҚШ-тың Ллойд Остин арасындағы алғашқы кездесу Сингапурдағы Азия қауіпсіздік саммиті аясында өтіп, бір сағаттан астам уақытқа созылды.
Ллойд Остин Америка Құрама Штаттарының «бір Қытай» қағидатын ұстанатынына сендірді, бірақ Пекиннің әрекетін арандатушылық және бүкіл аймақты тұрақсыздандыру деп атады. Ол Пекинді қақтығысты шешу үшін күш қолданудан бас тартуға шақырды.
Жауап ретінде Вэй Фэнхэ Америка Құрама Штаттарының Тайваньға қару сатуын айыптап, бұл жағдайды нақты тұрақсыздандыру деп атады.
— Егер кімде-кім Тайваньды Қытайдан бөлуге батылы барса, Қытай Халық азаттық армиясы Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін кез келген жағдайда «Тайвань тәуелсіздігін» орнату әрекетін тоқтатуға мәжбүр болады, - деді Қытай қорғаныс министрі.
Екі жақтың қатаң мәлімдемелеріне қарамастан, әскери ведомстволардың басшылары Сингапурдағы кездесуді пайдалы және сындарлы деп атады.
Осы жылдың мамыр айында АҚШ президенті Джо Байден Қытайдың Тайваньға қоқан-лоққы жасап, отпен ойнап жатқанын айтып, аралға шабуыл жасалса, АҚШ әскері араласатынына уәде берді.
Америка Құрама Штаттары аралдың тәуелсіздігін мойындамайды, бірақ 1979 жылғы Тайваньмен қарым-қатынас туралы заң бойынша олар Тайваньға өзін-өзі қорғауға қажетті әскери техниканы жеткізуге міндеттенеді.
Амиржан Мухаммед
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық