«Қылмыскерді көруге келдіңдер ме?» Нұрлан Сабуров алғашқы концертін берді
Фото: Бейнеден кадр
Нұрлан Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейінгі алғашқы концертін берді. Оның кеші Пхукетте өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
2000 орынға шақталған Royal Phuket City Hotel қонақүйінің конференция залында Сабуров Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны туралы әзіл аралас пікір білдірді. Билет бағасы 6 мыңнан 20 мың рубльге дейін болған. Әзілкешті көруге келген көрерменмен зал лық толды.
Сахнада сөз сөйлеген Сабуров журналист Ксения Собчакқа тоқталды.
«Собчакқа қолдауы үшін респект, бірақ шынымды айтсам қажет емес еді. Әйтпесе 500 жылға тыйым салып, концертті Сатурнның бесінші сақинасында өткізуім мүмкін», — деп әзілдеді ол.
Әзілкеш көрермендерге тағы бір тосын қалжың айтты. Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынғаны Сабуровтың өзіне де таңсық жағдай болған көрінеді.
«Көпшілігі концертке келген шығар, бірақ көбі «қылмыскерді» көруге келген сияқты. Тіпті Владимир Зеленский де ондай тыйым алмаған шығар», — деді әзілкеш.
Сабуров алдағы уақытта патриоттық концерт өткізетінін айтып та әзілдеген.
Айта кетейік, комик 5 ақпаннан 6 ақпанға қараған түні Дубайдан оралғаннан кейін Внуково әуежайында ұсталған. Оған Ресейге кіруге тыйым салынғаны туралы құжат табысталған. Тыйым 30 қаңтардан бастап күшіне енген, бірақ Нұрлан бұл туралы елге келгенде бір-ақ білген. Сол күні ол Алматыға ұшып кеткен. Әзілкеш елге оралғаннан кейін Қазақстанның арнайы қызметтері оның Ресей әскери күштеріне мотоциклдер беру фактісі бойынша тексеру бастады.
Оқи отырыңыз:
- Нұрлан Сабуров сотталуы мүмкін бе? Заңгер пікірі
- Нұрлан Сабуровтың Ресейге оралуына мүмкіндік бар — заңгер
- Украинада Нұрлан Сабуровқа қатысты тергеу басталды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық