Күйеуі ұрып, қолын сындырған: Жанжалдан кейін әйел өзіне қол салды
Фото: nemolchikz_official
Оқиға туралы «НемолчиKZ» қоры хабарлады. Қайтыс болған әйелдің артында екі жасар егіз балалары қалды. Алматы облысының полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайтыс болған әйелдің әпкесі қорға хабарласып, бұл істі назарға алуды сұраған.
«2026 жылғы 23 шілдеде әпкем мен оның күйеуінің арасында отбасылық жанжал болған. Сол кезде ол әпкемді ұрып, аяғымен тепкілеп, қолын сындырған. Әпкем ұялғанынан және ата-анамызды аяғандықтан бұл туралы маған ештеңе айтпаған. Қайтыс болуына бір сағат қалғанда ғана әпкем болған жағдайды айтып, екі жасар егіз балаларын басқа әпкеміздің қарауына қалдырды. 2026 жылғы 26 шілдеде ол өмірімен қоштасты. Біз істің әділ әрі объективті тергелуін талап етеміз» деп жазылған қор жариялаған жазбаға қайтыс болған әйелдің әпкесі қалдырған пікірде.
Алматы облысы полиция департаменті қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралардың барлығы жүргізіліп жатыр. Іс бойынша тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды», деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Полиция екі тараптың да келтірген барлық уәждерін тексеретінін және тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданатынын мәлімдеді.
Бұған дейін Жамбыл облысында сегіз айлық баланың анасы өзіне қол жұмсағаны белгілі болған еді. Қайтыс болардан аз уақыт бұрын ол құрбысына «Барниге» бола шыққан жанжал кезінде күйеуі өзін ұрып-соққанын айтқан. Бұл жағдай бойынша да полиция қылмыстық іс қозғаған.
Бүгін ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы әрі елдің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Өтпенов әлеуметтік желіде әйелдерге қол көтеру жөнінде жазба жариялап, әйелге қол көтеру – ерлік емес деген болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық