Қу түлкі Астана маңында бір шана балықты олжаламақшы болды
Фото: elements.envato.com
Түз тағысының «ұрлығы» күтпеген жерден жұртты сүйсіндірген бейнеге айналып, әлеуметтік желілерге тарап, біраз елді сүйсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бейнеден түлкінің маңайында адамдар болғанына қарамастан, шананың жібін аузын тістеп алып, «өзі білетін» жаққа қарай тартқылап, сүйреп бара жатқаны көрінеді. Балықшылардың келіп қалғанынан қорқайын деп тұрған ол жоқ, керісінше балықтың иесіне айбат шегіп «олжасын» бергісі келмей жұлқынып қояды.
Балықшы шананың арт жағын ақырын аяғымен басып, қанша қу болса да адам баласынан айласы аспайтынын сездіртті. Жануар бірнеше рет олжаны алып кетуге тырысып, сәтсіз әрекеттерінен кейін шамасы жетпейтінін түсінгендей шегінді.
Ролик авторларының айтуынша, бейне елордаға жақын жерде түсірілген.
Ақырында балықшылар қу жануардан олжаларын аман алып қалыпты, түз тағысының «ерен еңбегіне» бір-екі балық бұйырды.
Түсініктемелерде пайдаланушылар тура ертегідегі көріністі көргендерін жазып жатыр.
Иә, әжелеріміз айтатын ертегідегі қу түлкі осындай болады. Біраз оқырман байнені немерелері мен кішкентай балаларына көрсетіп, біраз мәре-сәре болып қалғаны анық.
Еске салсақ, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында түлкінің оқушыларға шабуыл жасағаны туралы біздің редакцияға оқырмандар хабарлады. Олардың айтуынша, жануар қызды мектептің жанында тістеп алған.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстандықтар шетелмен де трансшекаралық QR-төлем жасайды
- Қаңтардағы ҰБТ басталды: талапкерлердің 75%-ы тестілеуді қазақ тілінде тапсырады
- Ғасырда бір болатын құбылыс: 22 қаңтарда жер тұрғындары ғаламшарлар шеруін тамашалайды
- Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстанның қысқы чемпионаты басталды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық