Ғасырда бір болатын құбылыс: 22 қаңтарда жер тұрғындары ғаламшарлар шеруін тамашалайды
Осы күні Жерге ең жақын үш ғаламшар — Меркурий, Венера және Марс Күнге барынша жақындап, дерлік мінсіз геометриялық пішінде тізіліп, ғасырда бір болатын сирек құбылыс көрсетеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты жанындағы Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, 22 қаңтарға қарай ғаламшарлар Күнмен бірге аспанда шамамен 2–3 градус қашықтықтағы өте дұрыс ромб немесе айқыш (крест) пішінін түзеді.
Ең алдымен Күннен алыстай бастайтын — Меркурий, бұл қаңтар айының соңына дейін жүзеге асады. Ақпан айында алдымен Венера, кейін Марс біртіндеп алыстай бастайды. Ғалымдардың айтуынша, үш ғаламшардың осындай ықшам әрі симметриялы түрде бір-біріне жақындасуы — бірегей құбылыс.
Меркурий, Венера және Марс қатысатын келесі шеру тек 2038 жылдың қыркүйегінде болады деп болжанған. Алайда ол кезде ғаламшарлар бір-бірінен әлдеқайда алшақ орналасады — арақашықтық 10 градусқа дейін жетеді.
Астрономдардың деректеріне сәйкес, Меркурий қазірдің өзінде ғарыштан түсірілген суреттерде байқалады. Ал Венера мен Марс әзірге Күнге тым жақын болғандықтан, оның жарық сәулесінен көрінбей тұр, бірақ бірнеше күннен кейін оларды анық көруге мүмкіндік туады.
Ғаламшарлар шеруінің шарықтау шегі дәл 22 қаңтарға сәйкес келеді. Осы күннен кейін бұл сирек кездесетін аспандық «құрылым» тез ыдырай бастайды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық