Қаңтардағы ҰБТ басталды: талапкерлердің 75%-ы тестілеуді қазақ тілінде тапсырады
Фото: Әлеуметтік желіден
Бүгін, 2026 жылғы 10 қаңтарда, қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Ол 10 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Тестілеуге қатысуға шамамен 187 мың адам өтініш берді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Олардың 75,2%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 24,6%-ы орыс тілінде, ал 189 адам ағылшын тілінде тапсыруды таңдаған.
«Айта кету керек, өтініш беру кезінде талапкерлер тестілеудің күнін, уақытын және тапсыратын орнын өздері таңдайды. Бейіндік пәндер бойынша ең жиі таңдалған комбинация — «Математика–Физика» (19,2%). Бұл — болашақ мұғалімдер, инженерлер, механиктер, техниктер мен технологтар, энергетиктер және құрылыс саласының мамандары. Одан кейін «Биология–Химия» (16,9%) және «Шығармашылық емтихан» (9,7%) комбинациялары тұр. Тиісінше, бұл — болашақ медицина қызметкерлері мен шығармашылық сала мамандары.
Тестілеу барысында калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесін пайдалануға болады. Ал апелляцияға талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде өтініш бере алады. Апелляцияға өтініш берген тестіленушінің сертификаты апелляциялық комиссия шешім қабылдағаннан кейін жеке кабинетінде тұрады» деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Ведомство 2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалғанын атап өтті. Талапкерлер бұрынғыдай үш міндетті пән және таңдауы бойынша екі бейіндік пән бойынша тапсырады. Жалпы тапсырмалар саны — 120. Оның ішінде 20 тапсырма «Қазақстан тарихы» пәніне, 10 тапсырмадан «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылыққа», сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысына 40 тапсырмадан беріледі.
Ең жоғары мүмкін болатын нәтиже — 140 балл.
Тестілеуге жалпы төрт сағат уақыт беріледі. Ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут уақыт қарастырылған.
Қаңтар айындағы ҰБТ-ға ақылы негізде шартты түрде жоғары оқу орнына күндізгі оқу нысаны бойынша қабылданғандар, басқа мамандықтарға ақылы негізде ауысқысы келетін студенттер, шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа бағыттарға немесе педагогикалық мамандықтарға ақылы негізде ауысуды көздейтіндер, өткен жылдардың мектеп түлектері мен колледж бітірушілері, Қазақстан Республикасының азаматы емес қазақ ұлтының өкілдері, шетелде білім алған ҚР азаматтары, сондай-ақ өз қалауы бойынша ақылы негізде ЖОО-ға түсу үшін мектептегі бітіруші сыныптарда оқитын оқушылар қатыса алады.
Былтыр Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекет басшысының Educational Testing Service (ETS) компаниясы және Смитсон институты жетекшілерімен кездесулері жөнінде пікір айтты. Артынша ҰБТ жайлы сөз қозғап, ҰБТ сапасын күрт өзгерту үшін әлемдегі тестология саласындағы ең көне ұйым тартылатынын айтқан болатын.
Жаңартылған ҰБТ қазақстандық түлектердің халықаралық стандарттарға сай білімін анықтауға мүмкіндік береді. Тест сұрақтарының жаңа моделінде жасанды интеллект пен психометриялық әдістері пайдаланылады.
Тақырып аясында ұсынамыз:
- «ҰБТ-ға көмектесемін»: Павлодарда 1 млн теңгені қалтасына басқан бұрынғы мұғалім ұсталды
- ҰБТ-2025: Тестілеу ережесін бұзған 121 талапкердің нәтижесі жойылды
- Елімізде 700-ден астам талапкер негізгі ҰБТ емтиханынан өтпеді
- Оқушылардың орнына ҰБТ тапсырған мұғалімдер жазаланды
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты