Қазақстандықтар шетелмен де трансшекаралық QR-төлем жасайды
Фото: gov.kz
2026 жылдың соңына дейін шетелде жүрген бірқатар қазақстандықтар бірыңғай банкаралық QR-код арқылы сатып алған тауарлары мен қызметтерінің ақысын төлей алады. Әзірге — тек бірнеше елде ғана енгізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұлттық төлем корпорациясының төлем жүйелерін дамыту департаментінің директоры Райымбек Шаймерденовтің айтуынша, Қазақстан бұл бағытта Үндістан, Қытай, Қырғызстан және Біріккен Араб Әмірліктерімен келіссөздер жүргізіп жатыр.
«2026 жылдың соңына дейін толыққанды трансшекаралық төлемдерді іске асырамыз деп күтіп отырмыз. Біздің азаматтарымыз аталған елдерде бірыңғай QR-код арқылы төлем жасай алады, ал осы елдерден келген туристер Қазақстанда осы жүйені пайдалана алады», — деді Райымбек Шаймерденов.
Сондай-ақ оның айтуынша, Түркия және Таиландпен алдын ала келісімдер бар, бұл елдерді жүйеге келесі жылы қосу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта банкаралық QR-төлемдердің бірыңғай жүйесіне әзірге үш банк қосылған: Банк ЦентрКредит, Home Credit Bank және Freedom Bank.
Altyn Bank бірыңғай QR-кодты эмиссия бөлігінде іске қосты. Ал жыл соңына дейін жүйеге Kaspi Bank, RBK Bank және Halyk Bank қосылады деп күтілуде.
Оқуға ұсынамыз:
- Ұлттық банк: 2025 жылы барлық банктер үшін бірыңғай QR код болады
- Иранда наразы халық Солтүстік Хорасан прокурорын тірідей өртеп жіберді
- Ұлттық қордан балаларға 2025 жылы төленетін төлемдер қашан түседі
- Әлеуметтік желіде желдей ескен «несиені кешіре салатын» ақпарат жалған
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық