Қосымша құн салығының егжей-тегжейі айтылды
Фото: freepik.com
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин cалық кодексіне енгізілген өзгерістерді таныстырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Азамат Әмриннің айтуынша, 6 жұмыс тобы Қазақстан өңірлерін аралап, мыңдаған кәсіпкерлермен сөйлескен. Кейін ҚҚС мәселесі бойынша ұжымдық келісімге келген. Вице-министр 16% - елдегі жалпыға бірдей белгіленген мөлшерлеме екенін айтты.
«Біз қосылған құн салығының сараланған мөлшерлемесін ұсынып отырмыз. Жалпы белгіленген мөлшерлеме 16% базалық мөлшерлеме. Екінші нұсқа – агроөнеркәсіп кешенін ҚҚС-тан толық босату. Бұл ретте өз еркімен есепке тұру құқығын сақтаймыз», - деді ол.
Оның айтуынша, туризм, IT, шығармашылық индустрия және азық-түлік өндірісі сынды салаларда 10% мөлшерлемені бекіту жоспарланып отыр.
«Фармацевтика индустриясы, медициналық қызметтер және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесі 10% деңгейінде белгіленеді», – деп мәлімдеді ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин.
Министрлік заңнамалық бастамалар пакетін әзірледі. Оларды іске асыру модельдің қаржылық тұрақтылығының көкжиегін алдағы 10 жылға кеңейтуге мүмкіндік береді екен.
Жаңалықтар
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды
- Ұлытаудағы ауыл спортшылары спартакиадасы төбелеспен аяқталды
- Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?
- Қырғызстанмен шекарада кезек үшін жанжал шығарғандардың ісі сотқа жетті
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: Вашингтон мен Париж арасындағы шиеленіс ушықты
- ШҚО-дағы арал 10 млн долларға сатылатыны рас па?