АҚШ-тың Денвер әуежайында ұшақ ұшу-қону жолағында адамды қағып кетті
Фото Airlines.net
АҚШ-тың Денвер қаласындағы халықаралық әуежайда Frontier Airlines әуе компаниясына тиесілі Airbus A321 ұшағы ұшу-қону жолағында адамды қағып кетті. Ұшақ кешкі уақытта Лос-Анджелеске ұшуға дайындалып, ұшу жолағына бет алған сәтте кенеттен жолға бір адам шыққан, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның ол жерге қалай тап болғаны әзірге белгісіз. Белгілісі ол оқиға орнында қаза тапқан, бұл туралы CBS News хабарлады.
Диспетчерлермен болған әңгіме жазбасында ұшқыш: «Мұнара, Frontier 4345, біз ұшу жолағында тоқтап тұрмыз. Біз жаңа ғана біреуді қағып кеттік» дейді. Кейін ол қозғалтқыштан өрт шыққанын хабарлаған. Диспетчерлер дереу маңайдағы барлық ұшақтарды тоқтатып, бортта қанша адам бар екенін нақтылаған.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жіберіліп, жолаушылар автобуспен әуежай ғимаратына жеткізілді. Тергеуді АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі қолға алды.
Frontier Airlines мәліметінше, оқиға кезінде борттағы 224 жолаушы мен жеті экипаж мүшесінің ешқайсысы ауыр жарақат алмаған. Әуежай өкілдері 12 адамның жеңіл жарақат алғанын, олардың бесеуі жергілікті ауруханаларға жеткізілгенін хабарлады.
Әуежай өкілдерінің айтуынша, жеке басы анықталмаған адам қоршаудан асып өтіп, шамамен екі минуттан кейін ұшу-қону жолағын кесіп өтпек болған кезде ұшақ астында қалған. Қоршау бүлінбеген, дегенмен оның әуежай қызметкері болмууы мүмкін деген болжам бар. АҚШ көлік министрі Шон Даффи қаза тапқан адамды тәртіп бұзушы деп атады.
Frontier Airlines әуе компаниясы оқиғаға тексеру жүргізуде. Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңеске де ескертілді.
Денвер халықаралық әуежайының мәліметінше, апат болған ұшу-қону жолағы жергілікті уақыт бойынша сағат 11-ге дейін қайта ашылды.
Оқи отырыңыз:
- Көкшетауда жол талғамайтын көлік жайбарақат кетіп бара жатқан әйелді жаншып өтті
- ДДСҰ басшысы хантавирус өршіген кемені эвакуациялауды жеке бақылайды
- Путин мен Зеленский кездесетін жерді шеше алмай әлек
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық