Көкшетауда жол талғамайтын көлік жайбарақат кетіп бара жатқан әйелді жаншып өтті
Скриншот: t.me/kazakh _ inform
Оқиға болған сәттің бейнесі әлеуметтік желілерде тарап, жұрттың жағасын ұстатты. Кадрларда әйел тротуарға қарай келе жатқан кезде жол талғамайтын көлік оны қағып, басып өтіп, тек ол толық көлік астында жаншылғаннан кейін ғана тоқтағаны көрінеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшаларда жол-көлік оқиғасы 9 мамыр күні Көкшетауда болғаны жазылған. Оқиға сәті видеоға түсіп қалған, кадрларда көліктің көшеден бұрылып келе жатып жаяу жүргіншіні басып өткені көрінеді.
Видео KAZAKH_INFORM телеграм-арнасынан алынған.
Ақмола облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта тергеу шеңберінде оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
P.S. Көкшетауда жалғыз басты ананы көлікпен басып-шаншып өлтірген әйел ұсталды. Ақмола облысының полициясы хабарлағандай, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Көршілерінің айтуынша, қаза болған адам 12 жасар баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ана екен.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде осы оқиғаға қатысты бейнежазба таралған болатын. Кадрларда жол талғамайтын көліктің бұрылыс кезінде әйелді қағып кетіп, әйелдің көлік астында қалып қойғаны көрінеді. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін Қазақстан жолдардағы қауіпсіз мінез-құлықты насихаттап, жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын өлім мен жарақат санын азайтуға бағытталған БҰҰ-ның жаһандық ақпараттық науқанына қосылған болатын.
Еске салсақ, Алматыда наурыздың шуақты күндері басталғанда екі тәулік төпеп жауған қар қала жолдарындағы жағдайды қиындатты. Бір тәуліктің ішінде 62 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның 28-і зардап шекті.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
- Жолда қыршын кеткен өмірлер: Мас жүргізушіге үкім шықты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық