Айт қарсаңында құрбандық малы айтарлықтай қымбаттады
Фото: Айқын
Құрбан айт қарсаңында Қазақстанда құрбандық малдарының бағасы айтарлықтай қымбаттады. Сарапшылардың айтуынша, елде мал басы көбейгенімен, жем-шөп, тасымал, күтім және базар шығындарының өсуі бағаның төмендеуіне мүмкіндік бермей отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
2026 жылдың наурыз айының соңындағы орташа баға келесідей болды:
- Сиыр – 489 300 теңге
- Бұқа – 526 700 теңге
- Жылқы – 581 300 теңге
- Түйе – 782 000 теңге – 804 000 теңге
- Қой – 77 200 теңге
- Қошқар – 86 300 теңге
- Ешкі – 46 300 теңге.
Алайда Құрбан айт жақындаған сайын базардағы баға бұдан да жоғарылап жатыр. Кей өңірлерде қой бағасы 100–150 мың теңгеге дейін жеткен. Ал ірі қара 630 мыңнан 945 мың теңгеге дейін сатылуда.
Биылғы басты жаңалықтардың бірі – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы алғаш рет бірыңғай онлайн құрбандық платформасын іске қосты. Енді қазақстандықтар үйден шықпай-ақ арнайы сайт арқылы құрбандық шала алады.
Сонымен ҚМДБ іске қосқан Qurban Muftyat платформасы арқылы:
- құрбандық малын таңдау;
- онлайн төлем жасау;
- бір адамның немесе бірнеше адамның атынан құрбан шалу;
- тапсырыс мәртебесін бақылау;
- фото және видео есеп алу мүмкіндігі қарастырылған.
Онлайн жүйедегі төлем Kaspi QR арқылы жүзеге асады. Тапсырыс қабылданғаннан кейін азаматтың телефонына SMS-хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң фото және бейнеесеп жіберіледі.
Платформадағы кейбір өңірлер бойынша бағаларға тоқталсақ:
- Астанада қой – 125 мың теңге, ірі қара – 875 мың теңге;
- Алматыда қой – 120 мың теңге;
- Шымкентте қой – 150 мың теңгеге дейін жеткен.
Сонымен қатар ҚМДБ мәліметінше:
- қой мен ешкіні бір адам жеке шалады;
- сиыр мен түйені жеті адамға дейін бірігіп шалуға болады.
Онлайн құрбандық қызметі әсіресе үлкен қалаларда тұратын, уақыты жоқ адамдарға ыңғайлы екені рас. Бұдан бөлек, шалынған ет толықтай мұқтаж отбасыларға таратылатын арнайы қайырымдылық жүйесі де қарастырылған. Мұқтаж жандар сайт арқылы өтініш бере алады.
Биыл Құрбан айт 27–29 мамыр аралығында өтеді. Құрбан айттың құрметіне — 27 мамыр демалыс күні.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық