«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс неден болған?
Фото: Куәгер түсірген
Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазмырыш» зауытындағы жарылыстың алдын ала себебін атады, деп хабарлайды Orda.kz.
Министр Шыңғыс Арыновтың айтуынша, жарылыстың алдын ала себебі – тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде технологиялық процестің бұзылуы болуы мүмкін.
Оның сөзінше, алдын ала деректер бойынша жарылыс жұмыстардың құжат талаптарын бұза отырып жүргізілуі және өндірістік процестің дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан болған.
«Бұған дейін бұл нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуы анықталған. Атап айтқанда, техникалық құжаттаманың сәйкессіздігі, техникалық құрылғылардың қызмет ету мерзімін ұзартуға арналған сараптамалардың болмауы, жобалық құжаттамадан ауытқулар, өндірістік бақылаудың әлсіздігі, сондай-ақ тозған жабдықтарды уақытында алмастырылмағаны тіркелген», — деді министр үкімет отырысында.
Тергеу аяқталғаннан кейін ТЖМ түпкілікті қорытындыларды жариялайды.
Еске салайық, 5 мамыр күні таңертең Өскемендегі «Қазмырыш» ЖШС аумағында жарылыс болған. Төрт зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, құтқарушылар үйінді астынан адамдарды іздестіруді жалғастыруда. Балқыту бөліміндегі электролиз цехында болған жарылыс салдарынан екі жұмысшы қаза тапты, тағы бес адам медициналық көмекке жүгінді. Кейінірек тағы бір адам ауруханада көз жұмды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық