«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: Тексеріс сараптамасы қандай?
Бейнеден скриншот
Шығыс Қазақстан облысыдағы «Қазмырыш» зауытындағы төтенше жағдайдан кейін экологтар қандай нәтижелер көрсеткенін Orda.kz хабарлайды.
ШҚО экология департаментінің мамандары «Қазмырыш» аумағындағы жарылыстан кейін өлшем жұмыстарын жүргізіп, талдау жасады. Зерттеу қорытындысы бойынша рұқсат етілген нормадан аздаған ауытқу тіркелгенімен, тұрғындар үшін қауіп жоқ.
Экологтардың мәліметінше, мамандар оқиға орнынa бірден барып, қажетті өлшеу жұмыстарын жүргізген. Талдау нәтижелері нормадан ауытқулар бар екенін көрсеткенімен, көрсеткіштер қауіпті деңгейге жетпеген. Тұрғындардың денсаулығына әсер етуі мүмкін қауіпті шығарындылар анықталмаған.
Ал Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Бұған дейін дәрігерлер «Қазмырыш» зауытындағы төтенше жағдайдан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет берген болатын. Медициналық мекемеге бес адам жеткізіліп, олардың екеуі ауруханаға жатқызылған, біреуі аса ауыр жағдайда жатыр.
Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазмырыш» зауытындағы жарылысқа байланысты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді. Үкімет отырысы алдында ол төтенше жағдайлар министрлігіне, экология министрлігіне және облыс әкімдігіне тиісті шаралар қабылдап, нәтижесі туралы баяндауды тапсырды.
Оқи отырыңыз:
- Өскемендегі «Қазмырыш» кәсіпорнында жарылыс: Премьер-министр тапсырма берді
- ІІМ жылдамдыққа қатысты «жаңа айыппұл» туралы ақпаратқа жауап берді
- Қазақстанда исламдық экономикаға қатысты шариғат кеңесін құру ұсынылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық