Қазақстанның 30 елді мекенінде жер сілкінісінің дүмпуі сезілді
Фото: gov.kz
Қазақстанның 30 елді мекенінде жер сілкінісінің дүмпуі сезілді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ұлттық ғылыми сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2026 жылғы 4 маусымда Астана уақытымен сағат 21:19-да жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 316 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 44.547°, шығыс бойлық 80.405°. Тереңдігі – 30 шақырым», деп хабарлады бейсенбі күні Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
ТЖМ жер сілкінісінің сезілу қарқындылығы (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы мынадай мәліметтер келтірді:
- Алматы қаласы – 2 балл, 316 шақырым;
- Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы – 4 балл, 53 шақырым;
- Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы – 3 балл, 104 шақырым;
- Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы – 3 балл, 117 шақырым;
- Жетісу облысы, Текелі қаласы – 3 балл, 134 шақырым;
- Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы – 3 балл, 135 шақырым;
- Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылы – 3 балл, 154 шақырым;
- Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті – 3 балл, 156 шақырым;
- Жетісу облысы, Талдықорған қаласы – 2 балл, 169 шақырым;
- Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы – 2 балл, 177 шақырым;
- Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылы – 2 балл, 184 шақырым;
- Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы – 2 балл, 185 шақырым;
- Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы – 2 балл, 195 шақырым;
- Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы – 2 балл, 195 шақырым;
- Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы – 2 балл, 202 шақырым;
- Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы – 2 балл, 203 шақырым;
- Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы – 2 балл, 207 шақырым;
- Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылы – 2 балл, 218 шақырым;
- Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы – 2 балл, 229 шақырым;
- Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ж. Қайыпов ауылы – 2 балл, 240 шақырым;
- Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Маловодное ауылы – 2 балл, 245 шақырым;
- Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы – 2 балл, 258 шақырым;
- Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы – 2 балл, 271 шақырым;
- Алматы облысы, Қонаев қаласы – 2 балл, 275 шақырым;
- Абай облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылы – 2 балл, 278 шақырым;
- Алматы облысы, Алатау қаласы (Жетіген) – 2 балл, 280 шақырым;
- Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы – 2 балл, 289 шақырым;
- Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы – 2 балл, 298 шақырым;
- Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы – 2 балл, 299 шақырым;
- Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай ауылы – 2 балл, 313 шақырым.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, жер асты дүмпулері Қазақстан мен Қытай шекарасы маңында тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 7 шақырым тереңдікте орналасқан. Эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 316 шақырым жерде болған. Эпицентр маңындағы жер сілкінісінің магнитудасы 5,9 балл болды.
Жер асты дүмпулерін Алматы тұрғындары да сезген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық