Қырғызстанға 37,2 миллиард теңгенің бензинін заңсыз шығарған қылмыстық топ ұсталды
Фото: ҚМА
Қазақстанда жанар-жағармайды заңсыз экспорттаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен АИ-92 маркалы бензинді Қырғыз Республикасына контрабандалық жолмен шығарған топқа қатысты тергеуді аяқтады.
Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ құрамында тоғыз адам болған. Заңсыз схеманы жүзеге асыру үшін олар 12 заңды тұлғаны тіркеп, сол арқылы мұнай өнімдерін сатып алу, құжат жүзінде рәсімдеу және шетелге шығару жұмыстарын жүргізген.
Бензиннің шығу тегін заңдастыру және оны шетелге өткізу мақсатында күдіктілер «Қара Май ОйЛ» және «Petro Bazis» ЖШС-нің мини-мұнай өңдеу зауыттарын пайдаланған. Ресми түрде бұл кәсіпорындар бензинді жеңіл дистилляттармен немесе еріткіштермен араластыру (компаундтау) қызметін көрсеткен. Алайда іс жүзінде олардың қызметі ешқандай технологиялық өңдеусіз бензинді теміржол цистерналарына құюмен ғана шектелген.
Кейіннен жалған құжаттар рәсімделіп, бензин «ароматты көмірсутектер қоспасы», «еріткіштер» немесе «жеңіл көмірсутектер қоспасы» ретінде көрсетілген. Осылайша, мұнай-химия өнімдері ретінде рәсімделген бензин заңсыз түрде Қырғыз Республикасына, оның ішінде ел ішінде жанармай тапшылығы байқалған кезеңде де шығарылып отырған.
Заңсыз экспортталған бензиннің жалпы көлемі 190 мың тоннадан асқан. Ал қылмыстық топтың көлеңкелі айналымы 37,2 миллиард теңгеден жоғары болған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында «Түрксіб» станциясында Қырғызстанға жөнелтілмек болған шамамен 500 тонна заңсыз бензин тиелген сегіз теміржол цистернасы ұсталды. Құны 138 миллион теңгені құрайтын тәркіленген жанармай мемлекет кірісіне өткізілді.
Қылмыстық іс сотқа жолданды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық