«Домбыра харам» деген ақтөбелік «ұстаз» 3,5 жылға сотталды
Фото: freepik.com
Ақтөбе қалалық соты 35 жастағы Азат Қонысқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни алауыздықты қоздыру») бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.
Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында қазақ халқының ұлттық құндылығы саналатын домбыраға қатысты қорлайтын пікір білдіріп, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдеріне тіл тигізген. Тергеу барысында оның айтқан сөздерінде діни және ұлттық алауыздықты қоздыру белгілері бар екені анықталған.
Мемлекеттік айыптаушы сот отырысында сотталушының әрекеті қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін екенін атап өтіп, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Сот барысында Азат Қоныс өз кінәсін толық мойындап, айтқан сөздеріне өкінетінін жеткізді. Ол қазақ халқынан кешірім сұрап, соттан өзін бас бостандығынан айырмауды өтінген.
Алайда сот оның жасаған әрекетін ауыр қылмыстық құқықбұзушылық деп бағалап, айыптаушы тарап ұсынған жаза мерзімін бекітті.
Айта кетейік, бұл оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен тараған видеодан кейін белгілі болды. Құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған еді.
Мамандардың пікірінше, мұндай істер қоғамда діни және ұлттық келісімді сақтау мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Қазақстан заңнамасында алауыздықты қоздыруға бағытталған кез келген әрекет қатаң жауапкершілікке әкелетіні бірнеше рет ескертілген.
Айта кетейік, бұған дейін 2 сәуір күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы салафиттер, уаххабиттер, тәкпіршілер және Наурыз мерекесіне қатысты мәлімдеме жасаған болатын.
«Салафиттік, уаххабиттік және тәкпіршіл ағым өкілдерінің бірқатары дін атынан түрлі мәлімдемелер жасауда. ҚМДБ бұл деструктивті ағымдарға қарсы іс-шаралар жүргізіп, олардың ықпалына түскен азаматтарды дәстүрлі дінге қайтару жұмыстарын қолға алуда», деп хабарлады ҚМДБ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық