Қазақстанға келе жатқан Қытай төрағасы нені көздеді?
Фото: Kremlin.ru / Wikimedia Commons, CC BY 4.0
16-18 маусым аралығында Астанаға Қытай төрағасы Си Цзиньпин ресми сапармен келеді. Ол «Қытай — Орталық Азия» іскерлік кеңесінің екінші отырысына қатысады. Алайда бұл ресми себептің артында маңызды саяси мән жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Bloomberg агенттігінің жазуынша, Си Цзиньпиннің Астанада Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездесуі — 15-17 маусымда Канадада өтіп жатқан «Үлкен жетілік» саммитіне қарсы жауап іспетті. Бұл сапары арқылы Қытай төрағасы Бейжіңнің Орталық Азияға айрықша қызығушылық танытып отырғанын және бақталасы АҚШ-пен осы аймақтардағы бедел мен ықпалы үшін бәсекеге дайын екенін білдіреді.
Бұл Си Цзиньпиннің биыл шыққан үшінші сапары. Яғни, Қытай көшбасшысы Астанаға жеке келуді маңызды деп шешкен.
«Астанадағы саммит АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың бірнеше күн бұрын Вашингтонда Қазақстанның сыртқы істер министрімен кездесуінен кейін өтіп жатыр. Си Цзиньпин екі жыл бұрын Қытайдың Сиань қаласында өткен алғашқы «Қытай — Орталық Азия» саммитіне де қатысқан. Қазақстанда ондаған жыл бұрын «Бір белдеу – бір жол» ауқымды инфрақұрылымдық бастамасын алғаш рет жариялаған еді. Си Қытай экономикасын АҚШ-пен терезесі тең етуі үшін бар күшін салып жатыр», – деп жазады Bloomberg.
Британдық PRISM Strategic Intelligence Ltd консалтинг компаниясының сарапшысы Кейт Мэллинсонның айтуынша, Қытай соңғы үш жылда Орталық Азиядағы ықпалын айтарлықтай күшейтті. Осы уақыт бойы Бейжің Батыс пен Ресей арасындағы текетіресті мұқият бақылап, егер АҚШ-пен арадағы сауда қақтығыстары мен саяси келіспеушіліктерден Қытайға қарсы экономикалық шектеулер қойылса, соған дайын болу үшін жоспарлар әзірлеп келді.
«Қытай 2022 жылдан бері Батыстың Ресейді экономикалық тұрғыда оқшаулауға бағытталған әрекеттерін бақылап келді. Қытай Халық Республикасы алдағы уақытта АҚШ-пен кез келген бір текетірес бола қалса, өз экономикасы мен жеткізу тізбектерін қорғау үшін шаралар қабылдап жатыр», — дейді Кейт Мэллинсон.
Сондықтан Астанадағы саммитте сауда соғысы мен Дональд Трамп енгізген кедендік баж салығы сөз болатыны анық. Сонымен қатар, уран мен мұнай тақырыптары да сөз болуы мүмкін. Өйткені бұл ресурстарға Қазақстан бай. Қытай үшін АҚШ экономикалық жағынан «қыса» бастаса, Қазақстаннан ресурстарды сенімді түрде алып отыру өте маңызды.
Си Цзиньпин Қазақстан мен жалпы Орталық Азияны «өзіне тартуға» тырысып жатқан жалғыз көшбасшы емес. Жақында ғана Астанаға Италия премьер-министрі Джорджа Мелони келді. Украинадағы соғыстан кейін Ресейдің аймақтағы ықпалы әлсірегенімен, әлі де сақталып отыр. Бұл жағдай Қытайға Ресей босатқан орынды ішінара иеленіп, Қазақстанға тауар экспортын арттыруға мүмкіндік берді. 2023 жылдан бастап Қытайдың Астанаға әкелетін тауар айналымы көлемі бойынша Мәскеуді басып озды.
Bloomberg мәліметінше, Си Цзиньпин үшін Қазақстан — дипломатиялық сапарлар жағынан сүйікті бағыттардың біріне айналған. ҚХР төрағасы 2020 жылдан бері Қазақстанға үшінші рет келіп отыр. Ал Қазақстан үшін мұндай назар өте маңызды. Өйткені Қытай — шетелдік инвестициялардың ең ірі бес көзінің бірі. Қытай қазірдің өзінде Қазақстан аумағындағы жобаларға 26 миллиард доллар инвестиция салған. Соңғы жобалардың бірі — жылына 1 миллион тонна өнім шығаратын алюминий зауытын салу. Бұл жобаны қытайлық East Hope Group жүзеге асырмақ.
«Қытай Орталық Азия елдерінің қытай экономикасының ашықтығы мен өсуінен пайда табуды құптайды», — деді Қытай Коммунистік партиясының бас дипломаты Лю Цзяньчао.
Экономикалық себептерден бөлек, Қытайдың саяси амбициялары да бар. ҚХР батыстың блоктарына қарсы BRICS және басқа бірлестіктердің әлеуетін белсенді пайдаланып отыр. Сондықтан Астанадағы кездесу – Қазақстанның қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы жаһандық геосаяси ойындағы маңызды орынға айналғанын білдіреді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық