Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
Фото: Ашық дереккөзден
Бүгін ақын, жазушы Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл. Ол қазақ поэзиясында өзіндік үні бар, лириканы терең жырлаған қаламгер, деп хабарлайды Orda.kz.
Алайда оның шығармашылығы тек лирикамен шектелмейді. Ақын ел тағдыры, халықтың жағдайы, жердің болашағы туралы да өткір ой айтқан.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда дүниеге келген. Жамбыл облысы Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін тәмамдаған. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Ақын қазақ поэзиясында нәзік лирикасымен және азаматтық үнімен ерекшеленіп, оқырман жадында қалды. Ол ұлттық руханиятқа өлшеусіз үлес қосты. Күләш Ділдәқызының «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ – жаздың жүрегі» сынды жыр жинақтары бар.
22 сәуірде Таразда ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Күләш Ахметованың 80 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Әдеби кеште Әулиеаталық қаламгер қыздардың «Інжу-Маржан» жинағының тұсауы кесілді. Әуелеген ән айтылып, ақынның өлең-жырлары оқылды.
Әдеби кеш «Көктем вальсі» мектеп оқушыларының би ансамблінің әсерлі биімен ашылды. Іс-шара барысында зиялы қауым өкілдері мен қонақтар ақын шығармашылығы туралы ой-пікірлерін білдіріп, жүрекжарды лебіздерін арнады.Күләш Ахметованың қазақ поэзиясындағы ерекше орнын атап өтіп, рухани кештің маңыздылығына тоқталды.
Өткен ғасырдың 70 жылдары қазақ әдебиетіне қосылған буын арасында ақын апаларымыз Фариза мен Күләш биік талантымен, терең сыршылдығымен, азаматтық үнімен қазақ өлеңіне үлкен жаңалық әкелді. Бүгін де бұл шын дарындардың шығармалары өзектілігін жоймаған құнды дүниелер.
Ақын туындыларында Отанға деген махаббат, достық пен адамгершілік, мейірімділік пен ізгілік, бақыт пен болашаққа сенім сияқты адамның ақ көңілінен туатын ұғымдар жырланады. Оқырманға берері мол жыр жолдары әр кезде мән-мағынасын жоймайтын құнды мұра болып қала бермек.
Еске салсақ, «Қазақтың көрнекті ақыны, ҚР мемлекет сыйлығының иегері Күләш Ахметова былтыр 80 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына бай әдеби мұра қалдырған Күләш Ахметованың есімі мен жарқын бейнесі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық