Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
Фото: gov.kz
Қазақстанда заңсыз ауланған бекіре балығы мен уылдырықты сатып алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Атырау облысының прокуратурасы жеке тұлғалардан шығу тегі күмәнді, тиісті рұқсат құжаттары жоқ балық пен уылдырықты сатып алу қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушы болуға әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Тек өткен жылдың өзінде айыптау актісімен сотқа 11 қылмыстық іс жолданып, олардың нәтижесінде 10 адам сотталған.
Прокуратура Қылмыстық кодекстің 339 және 339-1 баптары тек браконьерлерге ғана емес, сондай-ақ сатып алушылар мен қайта сатушыларға да қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ерекше атап өтті.
Соңғы жағдайлардың бірінде Атырау тұрғынының автокөлігінің жүксалғышынан 502 келі бекіре тұқымдас балық табылған.
Сот оны кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар сот оны 304 миллион теңгеден астам материалдық шығын мен мемлекеттік бажды өтеуге міндеттеді.
Бірнеше күн бұрын «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалған болатын.
Биылғы жылдың 1 сәуірінен 31 мамырына дейін Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жыл сайынғы «Бекіре» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтетінін бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлаған болатын.
Оқи отырыңыз:
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- Маңғыстау тұрғынынан 110 келі бекіре балығы тәркіленді
- Тоннадан астам уылдырықты Ресейден заңсыз әкелмек болған
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық