Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
Фото: Polisia.kz
Талдықорғанда асханаға тамақтануға келген адамдар арасында жанжал шығып, арты пышақтасуға ұласып, адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Онда қалалық автобекет маңындағы асханалардың бірінде жас әйелге бірнеше рет пышақ жарақаты салынғаны айтылған. Жазба авторының мәліметінше, әйелге белгісіз ер адам шабуыл жасап, ол ауруханаға жеткізілген бетте көз жұмған.
Жарияланым қазақстандықтар арасында қызу пікірталас тудырды. Көпшілік әйел жанжалды өзі арандатуы мүмкін деген болжам айтса, енді бірі Талдықорғанда соңғы кезде жиілеп кеткен зорлық-зомбылық оқиғаларына алаңдаушылық білдірді.
Облыстық прокуратура мен полиция бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын қысқаша хабарлады.
«Қылмыстық іс тергелуде. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті тұрмыстық жанжал барысында жәбірленушіге пышақ жарақатын салған. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр» деп жазылған Жетісу облысы полиция департаменті хабарламасында.
Сонымен қатар журналистер тұрмыстық жанжал салдарынан 34 жастағы Алматы тұрғыны қаза тапқанын анықтады. Ол кеуде, арқа, мойын және қол тұсынан көптеген жарақат алған. Шабуыл жасаған – 36 жастағы жергілікті тұрғын. Жәбірленуші мен күдіктінің таныс болған-болмағаны және жанжалдың нақты себебі әзірге белгісіз.
Оқи отырыңыз:
- Талдықорған мектебіндегі қауіпті «ойын»: ата-аналар жауапқа тартылды
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысы колониядан арыз түсірді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық