Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
Фото: Ашық дереккөзден
Қан сорғалаған қолына газ кілтін ұстап алып көшеде жүрген ер адам көшеде жүріп, алматылықтарды қорқытты. Ол қаланың сұлулық салондарының біріне кіріп, жуынып, кейін кетіп қалған. Алайда бұл істің мәні бар екенін аңғарған әкімші полиция шақырып үлгерген, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға бүгін таңертең Алматыдағы сұлулық салондарының бірінде болған. Ол жерге қолы қанға боялған ер адам кіріп, қолын жуатын жерді көрсетуді талап еткен.
«Ол ресепшнге келіп, жуынатын жерді көрсетуді сұраған. Әкімші оны сыпайы түрде кетуін сұрағанда, ол: «мүмкін мен біреуді өлтірген шығармын?» деген. Қорыққан қыз оған дәретхананың есігін көрсетті. Ер адам жуынып, содан кейін салоннан шығып кетті. Әкімші бірден 102 нөміріне хабарласты. Келген полиция қызметкерлері ер адамның ұсталғанын айтты, оның жанында пышақ та болған деген ақпарат бар», – деді заңгер Анна Чернова телеграмм парақшасында.
Оқиғаға Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство өкілдері ер адамның табылып, барлық мән-жай анықталғанын хабарлады.
«Ер адамның жеке басы анықталды. Ол жедел түрде ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, азамат мас болған. Оның дене жарақаттарын өз бетінше алғаны анықталды. Бейнежазбада көрінген қан өзіне тиесілі. Басқа адамдарға зиян келтіру фактілері тіркелген жоқ. Айналадағы адамдарға қауіп төндірмеген», деп хабарлады полиция.
Полиция департаменті болған оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерттелетінін, нәтижесінде құқықтық баға берілетінін атап өтті.
Оқи отырыңыз:
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық