Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Филиппиннің бұрынғы президенті Родриго Дутертеге 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айып тағылып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
80 жастағы саясаткерге қатысты істі Халықаралық қылмыстық сот қарайды. Айыптаушы тарап оның есірткімен және есірткі саудасымен күресі барысында қаза тапқандардың арасында балалар да болғанын мәлімдеді.
Айыптаулар адамзатқа қарсы қылмыстардың үш тармағын қамтиды: кісі өлтіру, азаптау және зорлау. Бұл қылмыстар Дутерте жариялаған «есірткіге қарсы соғыс» кезінде жасалғаны айтылды.
Құқық қорғаушылардың пікірінше, Дутерте алдымен қала әкімі, кейін президент болған алты жыл ішінде жүргізген науқан барысында ондаған мың адам сотсыз, сұрақсыз өлтірілген. Олардың қатарында есірткі сатушылар, есірткі тұтынушылар және басқа да азаматтар болған.
Халықаралық қылмыстық сот прокурорларының айтуынша, 2011 жылғы 1 қарашадан 2019 жылғы 16 наурызға дейінгі кезеңде ол кем дегенде 76 адамды өлтіруге қатысы бар.
Филиппиннің экс-басшысына қатысты халықаралық сын толқыны оған әсер етпеген. Керісінше, Родриго Дутерте өзі елін құртып жатыр деп санайтын «миллиондаған нашақорларды қуана жоятынын» айтқан.
Ол 2025 жылдың наурызында Манила әуежайында ұсталып, Гаагаға жеткізілген. Дутерте Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясын мойындамайды. Ол сот отырысына қатысудан бас тартқан.
Оқи отырыңыз:
- Филиппин вице-президенті президентке қастандық жасауға киллер жалдаған
- Әлем көз тіккен көшбасшылар салғыласуды қойып іске көшті: Трамптың атомдық сүңгуір қайықтары Ресей жағалауына қойылды ма?
- Хамас бітімге қол қойған екінші күні тағы 14 кепілді босатады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық