Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
Фото: Yonhap
Прокурорлар 2024 жылғы қазанда Пхеньян үстінен ұшырылған дрондар ісіне қатысты Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр, деп хабарлайды Orda.kz Yonhap News сайтына сілтеме жасап.
Айыптаушы тараптың нұсқасы бойынша, Юн Сок Ёль бұл оқиғалардан «пайда көрген». Дрондарды ұшыру Солтүстік Кореяның жауап әрекеттерін арандатуға және кейіннен әскери жағдай енгізуге бағытталған болуы мүмкін. Юн Сок Ёль дәл осыдан екі ай өткен соң әскери жағдай жариялауға әрекет жасаған.
Сондай-ақ прокурорлар осы іс бойынша бұрынғы қорғаныс министріне 25 жыл түрме жазасын сұраған.
Айта кетейік, 16 қаңтар күні Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльге тағылған бірқатар айыптар бойынша үкім шықты. Ол 5 жылға сотталды.
Юн Сок Ёль 2025 жылғы 15 қаңтарда қамауға алынды. Ал сәуір айында конституциялық сот импичмент жариялап, ресми түрде Юн Сок Ёльді қызметінен босатты. Кейін екі айдан соң елде кезектен тыс сайлау өтті. Сайлауда «Тобуро» демократиялық партиясының өкілі, 61 жастағы Ли Чжэ Мён жеңіске жетті.
Айта кетейік, Юн Сок Ёль Оңтүстік Корея тарихында қамауға алынған алғашқы мемлекет басшысы.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық