Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы өтуде, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл бастаманың мақсаты – еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың экологиялық жауапкершілікті ойлауын қалыптастыру, сана мен ой тазалығын сақтау, отансүйгіштік, табиғатты аялау мәдениетін дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның қатысуын арттыру.
Елімізде жүріп жатқан экологиялық акция барған сайын қоғам өмірінің саналы бөлігіне айналып келеді. Аулаларын, көшелерін, саябақтарын таза ұстап, ағаш отырғызуға, сенбіліктерге және қоршаған орта мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған басқа да іс-шараларға белсене қатысатын қазақстандықтар көбейіп келеді. 2025 жылы 10,4 млн-нан астам адам экологиялық акцияға қатысқан.
Қасым-Жомарт Тоқаев экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызды.
«Таза Қазақстан» — 2024 жылдан бастап қолға алынған ауқымды жалпыұлттық экологиялық акция. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтіп жатқан науқанның мақсаты — қоршаған ортаны тазарту, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Акция аясында елді мекендер, тарихи орындар тазартылып, ағаш отырғызылады.
Акциягның мақсаты экологиялық жағдайды жақсарту, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру. Бұл 10 миллионнан астам адамды қамтитын, жыл бойы жалғасатын тұрақты жоба.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы экологиялық мәдениетті қалыптастырудың кешенді тәсіліне бағытталған. Негізгі бағыттар арасында:
- халықтың экологиялық санасы мен тәртібін дамыту;
- экологиялық жауапкершілікке құрылған өмір салтына ынталандыру жүйесін құру;
- экологиялық ағартушылық және білім беру;
- экология мәселелерін ақпараттық тұрғыда кеңінен жариялау бар.
Акция аясында «Таза өлке» (аулаларды тазалау), «Киелі мекен» (ескерткіштерді абаттандыру), «Жасыл аймақ» (ағаш егу) сияқты арнайы апталықтар ұйымдастырылады. Оған еріктілер, мектеп оқушылары, кәсіпорын қызметкерлері және жергілікті тұрғындар белсене қатысады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық