Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
АҚШ өкілдері жақын арада Иранмен қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздер үшін Исламабадқа ұшып барады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт мәлімдеді.
«Иә, мен арнайы өкіл Уиткофф пен Джаред Кушнер ертең таңертең Пәкістан тарапының делдалдығымен өтетін тікелей келіссөздерге қатысу үшін қайтадан Пәкістанға аттанатынын растаймын», – деді ол Fox News телеарнасын
Бұған дейін жұма күні CNN телеарнасы бітімге қатысты келіссөздер барысында ілгерілеу болған жағдайда ол жаққа АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс те баруға дайын екенін хабарлаған.
Ал Иран сыртқы істер министрлігі ведомство басшысы Аббас Аракчидің Пәкістан, Оман және Ресейге сапарын бастап, сол елдерде қақтығысты аяқтауға бағытталған күш-жігерді талқылайтынын мәлімдеді.
Сондай-ақ Пентагон бітім бұзылған жағдайда Иран нысандарына шабуылдарды қайта бастау жоспарын қарастырып жатқаны хабарланды. Тағы бір нұсқада әскери шенеуніктер мен ел басшылығының өзге де мүшелеріне соққы жасау көзделген.
Сегізінші сәуірде АҚШ пен Иран екі апта атысты тоқтататындарын айтып жар салған болатын, алайда одан кейінгі келіссөздер нәтиже бермеді. АҚШ Иран Ислам Республикасы порттарын бұғаттағанын жариялап, оны тек келісімге қол жеткізілгеннен кейін ғана ашатынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Иран Ормуз бұғазын жауып, жаңа байланыстардан бас тартты.
Осы арада Дональд Трамп бітім режимін ұзартты. Оның айтуынша, бұл режим Иранмен реттеу бойынша ұсыныс әзірлеп, тараптар кездесу өткізгенге дейін жалғасады.
Оқи отырыңыз:
- Иран СІМ: Еуроодақтың өзі АҚШ пен Израильдің әскери қылмыстарын қолдап отыр
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- АҚШ делегациясы Иранмен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін Исламабадқа келді
- Иран мен АҚШ кездесуінде ядролық келісім мәселесі шешілді ме?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық