Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
Фото: Pexels
Алматыда қыз бала мектепке қолына балта көтеріп келген және оны басқа оқушыларға қарсы қолданбақ болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға Жетісу ауданында болған. Қызға желіде білім ордасына суық қару алып келу туралы нұсқау берілген. Десе де оның әрекеті іске аспаған. Полиция дер кезінде қызды тоқтатып үлгерген.
«Аталған факті бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Кәмелетке толмаған қыз әлеуметтік желілер арқылы алған нұсқаулардың ықпалымен әрекет етіп, заң бұзуға баруды жоспарлағаны анықталды. Полиция қызметкерлерінің дер кезінде қабылдаған шараларының арқасында заңсыз әрекеттің жолы кесіліп, оған жол берілмеді», деп жауап берді полиция департаменті.
Департамент тергеу аясында болған оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде жасөспірімді заңсыз әрекетке тартуға қатысы бар адамдар анықталып жатқанын мәлімдеді. Кәмелетке толмаған қыздың заңды өкілдеріне қатысты тәрбие бойынша міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз:
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық