Алматыда бағдаршамдар іске қосылып, метро жұмысын қайта бастады
ЖИ жасаған иллюстрация
Алматыда сөніп қалған электр қуаты қайта берілгеннен кейін бағдаршамдар кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр, деп хабарлады қала әкімдігіне сілтеп Orda.kz.
Қазіргі уақытта бағдаршамдардың шамамен 90 пайызы электр желісіне қосылған. Қалған нысандарда техникалық қызмет мамандары жабдықтарды тексеріп, жүйелерді қайта іске қосып жатыр. Жұмыстар қаладағы барлық бағдаршам қалыпты режимде жұмыс істегенге дейін жалғасады.
Сонымен қатар Алматы метросының жұмысы да қайта қалпына келтірілді.
Айта кетейік, бүгін рэпер Канье Уэстің концертіне байланысты Алматы метросының «Байқоңыр» станциясынан басқа барлық станциясы түнгі сағат 3:00-ге дейін жұмыс істейді.
Бұған дейін Алматыда электр қуатының өшуіне байланысты жолдарда кептеліс пайда болып, метро жұмысы уақытша тоқтаған болатын.
Жаңартылған ақпарат: сағат 20:30-дағы жағдай бойынша Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тұтынушыларға электр энергиясын беру толық қалпына келтірілді. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары жабдықтардың жағдайы мен электрмен жабдықтау параметрлерін бақылауда ұстап отыр.
Еске салсақ, 14 тамызда Алматыда электр жарығы жаппай өшіп, метро тоқтап, жолдарда кептеліс пайда болған еді.
Сағат 14:38-де KEGOC компаниясының 500 кВ кернеулі үш жоғары вольтты желісі – Л-5400, Л-5300 және Л-5320 апатты жағдайда ажыратылды.
Осының салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» желілерінде апатқа қарсы автоматты жүйе іске қосылып, шамамен 300 МВт жүктеме ажыратылды.
Электр жарығы Алматының Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарында өшті. Сондай-ақ Медеу, Алмалы және Жетісу аудандарынан да жарықтың сөнгені туралы хабарламалар түсті. Бұдан бөлек, облыстың он ауданында электр қуаты үзілді.
Энергетика министрлігі апаттың алдын ала себебі ретінде Орталық Азияның біртұтас энергетикалық жүйесі тарапынан қуат ағынының күрт өзгеруін атады.
Ақау Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның бір бөлігіне де шамамен бір уақытта әсер етті.
Метро жұмысы тоқтады. Куәгерлердің айтуынша, Алматы метросындағы пойыз қозғалысы тоқтап, жолаушылар пойыздардан шығарылған. Кейбір жолаушылар станцияларға жаяу баруға мәжбүр болған.
Метро баспасөз қызметінің хабарлауынша, сыртқы электрмен жабдықтау тоқтаған жағдайда станциялар резервтік аккумуляторларға ауысады. Олар жарықтандыру мен желдету жүйелерінің жұмысын қамтамасыз етеді. Алайда пойыздардың қозғалысын жалғастыру үшін бұл қуат жеткіліксіз.
«Сыртқы электрмен жабдықтау кернеуі берілгенге дейін электр пойыздарының қозғалысы тоқтатылады. Жолаушылар станциялар мен электр пойыздарынан эвакуацияланады», деп хабарлады метроның баспасөз қызметі.
Жолдың бәрінде кептеліс. Электр қуатының үзілуіне байланысты көптеген бағдаршам жұмыс істемей қалды. Қиылыстарға жол реттеушілері шығарылды.
Қаладағы кептеліс қысқа уақыт ішінде 9 баллға дейін өсті. Әсіресе Шаляпин және Тимирязев көшелері маңында көлік қозғалысы қиындады.
Электр желілерінен қоректенетін кейбір бағдаршамдар да істен шыққан. Жол полициясы қызметкерлері бағдаршамдар өшкен учаскелерде қозғалысты ұйымдастыру және реттеу бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр.
Медициналық ұйымдар резервтік қуатқа көшті. Ауруханалар мен басқа да медициналық ұйымдар жұмысты үздіксіз жүргізу жоспарларына сәйкес жалғастырып жатыр.
Медициналық мекемелер дизель генераторлары және үздіксіз электрмен жабдықтау құрылғылары сияқты резервтік қуат көздерімен қамтамасыз етілген.
Бірінші кезекте резервтік электр қуаты жансақтау бөлімдеріне, операциялық бөлмелерге, қабылдау бөлімдеріне, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне және басқа да аса маңызды медициналық жабдықтарға беріледі.
Жедел медициналық көмек штаттық тәртіппен көрсетіліп жатыр.
Су беру жүйесінде де іркіліс болды. Алматы тұрғындары су берудегі үзілістерге шағымданды. Алдын ала болжам бойынша, бұл сорғы станцияларының жұмысының тоқтауына байланысты болуы мүмкін.
«Алматы Су» коммуналдық қызметінің түсіндіруінше, тұрғын үйлерге су жеткізу сорғы станцияларының жұмысына тікелей байланысты. Ал оларға тұрақты электр қуаты қажет.
Электр қуаты болмаған жағдайда сорғы жабдықтары қалыпты режимде жұмыс істей алмайды.
Көбі біл жағдайды Канье Уэсттің концертімен байланыстырып жатты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық