Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
Фото ЖИ көмегімен жасалған
Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі технологиялық бұзылудың алдын ала себебі белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
KEGOC мәліметінше, ақауға Орталық Азияның біртұтас энергожүйесі тарапынан қуаттың күрт артуы себеп болуы мүмкін.
Бұған дейін сағат 14:38-де 500 кВ кернеулі үш әуе электр желісі — Л-5400, Л-5300 және Л-5320 апатты түрде ажыратылғаны хабарланған. Соның салдарынан 300 МВт жүктеме өшірілді.
Мұның алдында Энергетика министрлігі KEGOC желілері арқылы электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Ал өңірлердегі энергиямен қамту ұйымдары тұтынушыларды кезең-кезеңімен қайта қосуды жалғастырған.
KEGOC мәліметінше, сағат 16:12-дегі жағдай бойынша Алматы энерготорабындағы электрмен жабдықтау қалпына келтірілген.
Бұған дейін не болған?
14 тамызда сағат 14:38-де Алматы мен Алматы облысының бірқатар ауданында электр жарығы өшті. KEGOC-ке тиесілі 500 кВ-тық үш әуе электр желісі — Л-5400, Л-5300 және Л-5320 апатты түрде ажыратылған. Осының салдарынан Алматы мен облыстағы тұтынушылардың бір бөлігі электр жарығынсыз қалды. Ажыратылған жүктеме көлемі 300 МВт болған.
Алматы облысында жарық Жамбыл, Балқаш, Есік, Қарасай, Шелек, Райымбек, Ұйғыр, Іле, Кеген және Талғар аудандарында өшсе, Алматының Бостандық, Наурызбай, Әуезов, Медеу және Алатау аудандарында да жарыққа қатысты ақаулар тіркелді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық