Алматыдағы блэкаут: Қала көшелерінде 1300-ден астам заңбұзушылық болды
Фото: Әлеуметтік желіден
Кеше Алматыда жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1357 фактісі тіркелді. Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін 160 өрескел заң бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Orda.kz Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметі қалалық прокуратураның мәліметіне сүйеніп, өткен тәулікте мегаполис аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1357 фактісі анықталғанын хабарлады.
Олардың ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 160 өрескел заң бұзушылық тіркелген.
Анықталған заң бұзушылықтар қатарында көлік құралын мас болып басқарудың 8 оқиғасы тіркелсе, бір адам көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамай көлік жүргізген. Сонымен қатар маневр жасау ережелерін бұзу, соның ішінде қауіпті маневр жасаудың («шашка») – 64 жағдайы, қауіпсіздік белдігін тақпаудың 45 оқиғасы анықталса, 13 жүргізуші
қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Оның үстіне көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланған 29 адам белгілі болды.
Осындай заңбұзушылықтардан кейін 22 көлік арнайы тұраққа қойылды.
Еске сала кетейік, 14 тамызда Алматы мен Алматы облысында электр жарығы жаппай өшіп, жұртты біраз әуре-сарсаңға түсірді.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұған Орталық Азияның энергетикалық жүйесі тарапынан электр энергиясы ағымының күрт өзгеруі салдарынан энергожүйеде қуаттың кенет артуы себеп болған.
Соның нәтижесінде апатқа қарсы автоматты жүйе іске қосылып, Қазақстанның бірқатар өңірінде электр энергиясының бір бөлігі ажыратылды.
Алматыда бағдаршамдар жұмыс істемей, жолдарда кептеліс пайда болды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық