Қазақстанда желідегі жезөкшелік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді
Фото: Envato
22 мамырда Мәжіліс «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.
Жаңа заңда адамдарды қанау және интернет арқылы жезөкшелік ұйымдастыру үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Мәжілістің баспасөз қызметі түсіндіргендей, заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер Қасым-Жомарт Тоқаев сәуір айында «Адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралар туралы» жарлық шығарғаннан кейін әзірленді. Жаңа заңда қазақстандық құқық саласында болмаған бірқатар ұғымдар енгізіліп, кейбір анықтамалар халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Сонымен қатар, адам саудасынан зардап шеккендердің құқықтары түсіндіріліп, осындай қылмыстардың құрбаны болуы мүмкін балалардың құқықтарын қорғау мәселелері реттеледі.
Қылмыстық кодекске енді адам саудасына қатысты қылмыстардың жаңа санаты енгізіледі. «Адамды қанау» ұғымы халықаралық конвенцияларға сәйкес заңды түрде бекітілген. Сондай-ақ заң мұндай қылмысқа қатысушылардың татуласу мүмкіндігін жоққа шығарады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде жәбірленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер алу құқығы белгіленген.
Сонымен қатар, депутаттар интернет арқылы жыныстық қызмет көрсетуді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізді. Заңда жезөкшелік ұғымы «басқа адамның жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер арқылы жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында сексуалдық сипаттағы қызметтерді, оның ішінде телекоммуникация желілерін, интернетті пайдалану арқылы ақылы қызмет көрсету» деп белгіледі.
Бұл енді интернетте сутенерлікпен айналысып, жасөспірімдерді желі арқылы жезөкшелікке сүйрегендер 134 («Кәмелетке толмағанды жезөкшелікке тарту»), 308 («Кәмелетке толмағанның жезөкшелігі») және 309 («Кәмелетке толмағанмен жезөкшелікпен айналысу») баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады деген сөз. Сонымен қатар, интернет арқылы «дене саудасы» үшін олар ӘҚБтК-нің 450-бабы («Жезөкшелік немесе сутенерлік үшін көрінеу үй-жай беру») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
21 мамырда Алматыда «Лав Айка» деген атпен танымал элиталық эскорт желісін ұйымдастырушыға сот үкімі шыққаны белгілі болды. Оның 2022 жылғы айналымы 209 миллион теңгеден асты. Айка бай клиенттерге ақылы түрде жыныстық қызмет көрсетуге дайын модель қыздарды таңдаған. Өзін модель әрі блогер деп атаған әйел алты жарым жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- Жатақханадан орын бұйырмаған Алматы студенттері қайда барады?
- Лудомания көбейеді: Талғарда салынады деген казино жергілікті тұрғындардың ұйқысын қашырды
- Нұрай Серікбайға аяусыз сілтенген пышақ: Сот-медициналық сарапшы кәсіби баға берді
- Украина Каспий құбырына соққы жасамауға уәде берді — БАҚ
- Қосымша қолдау жүйесі бар: Грантқа ілінбегендер не істейді?
- Қазақстан ғалымдарының ғылыми атақтарын ЕАЭО елдерінде растаудың енді қажеті жоқ
- Астана – Арқалық бағытында Starlink спутниктік интернеті бар жаңа пойыз қатынайды
- Қайрат Сатыбалдының жыр болған «Байсат» базары ақыры сатылды
- Атырауда су құбырын жөндеуден 6 млрд теңгеден асатын қаржы ұрлағандарға үкім шықты
- «Астана» баскетбол клубы қаржыландырылмай, ойыншылар Тоқаевқа үндеу жасады
- Құрылтай депутаттарын сайлау: Сайлау учаскесінің мекенжайын қалай білуге болады?
- Meta компаниясы әлеуметтік желілердің балаларға келтірген зияны үшін 567 миллион доллар төлейді
- Нұрай Серікбайдың туыстары сотталушыдан 10 миллиард теңге өндіріп беруді сұрады
- Қазақстандағы мектеп формасында өзгеріс бар ма?
- Құрылтай деген не? Ұлы даладағы билік кеңесі қалай қалыптасты?
- Мемлекеттік грант иегерлері анықталды: 2026–2027 оқу жылының басты қорытындылары
- «МузАРТ» тобындағы Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түсті
- Мұратжан Мұсайбеков АМӨЗ-дің бас директоры болып тағайындалды
- Қазақстан футбол құрамасының жаңа бапкері кім?
- Астанада сынақтан өткен әуетаксидің алғашқы жолаушысы — министр