Қарағандыда жалған ақшамен сауда жасаған әйел ұсталды

cover Фото: pixabay

Қарағанды облысында киім дүкенінде 10 мың теңгелік жалған ақшамен сауда жасаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қарағанды облысының Абай қаласында жалған ақша қолдану дерегі тіркелді. Оқиға киім сататын бутиктердің бірінде болған екен. Келіншек сауда жасап, жалған ақшаны сатушыға бергенде  бейнекамераға түсіп қалған. Сонымен қатар, әйел 10 мың теңгеден  қайтарым ақшасын да алыпты.

Полиция мәліметінше, күдікті әйел сатып алған тауары үшін 10 мың теңгелік купюрамен есеп айырысқан. Сатушы қайтарым ақшасын бергеннен кейін, әйел дүкеннен шығып кеткен. Алайда көп ұзамай 70 жастағы сатушы купюраның жалған екенін байқайды. Алдымен бейнебақылаудағы жазбаны әлеуметтік желіге таратып, артынша полицияға жүгінген.

«Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында 38 жастағы күдікті ұсталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, әйелдің сыбайластары болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оның басқа да ұқсас құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр»,  деп мәлімдеді ПД.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар