Қазақстанда амнистия арқылы қандай жазалар кешіреледі?

cover Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты амнистия туралы заң жобасы жарияланды. Кеше құжат пен оған ілеспе заң жобаларын мәжіліс қарауына қабылдады, деп хабарлайды  Orda.kz.       

Заң жобасы қабылданса,  қазақстандықтардың айыппұлдары амнистия арқылы кешіріледі, дегенмен  көптеген ерекшеліктер бар.

Сондай-ақ заң жобасында қылмыстық амнистия шарттары көрсетілген. Заң жобасына сәйкес, амнистия қылмыстық теріс қылықтар және (немесе) ауырлығы аз қылмыстар жасаған тұлғаларға, орташа ауырлықтағы, залал келтірмеген немесе келтірілген залалды толық өтеген, не азаматтық талап қойылмаған қылмыстарды жасаған тұлғаларға қатысты қылмыстық жауапкершіліктен немесе негізгі жазадан босатуды көздейді.

Орташа ауырлықтағы қылмыс үшін сотталған, теріс мінез-құлық дәрежесі жоқ және амнистия актісі орындалу кезеңінде жазасының өтелмеген бөлігі бір жылдан аспайтын адамдар негізгі жазадан босатылады.

Жоғарыда аталған талаптарға кірмейтін орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған тұлғаларға жазаның өтелмеген немесе орындалмаған бөлігі екі есеге қысқартылады.

Залалды толық өтеген немесе талап арыздар қойылмаған жағдайда жазаның өтелмеген бөлігі, атап айтсақ, ауыр қылмыстар бойынша – 1/3-ке, аса ауыр қылмыстар бойынша – 1/4-ке қысқартылады.
Басқа жағдайларда ауыр қылмыс бойынша – 1/4-ке, аса ауыр қылмыс бойынша – 1/5-ке қысқартылады.

Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған, теріс мінез-құлық дәрежесі жоқ және жазасының қалған мерзімі бір жылдан аспайтын сотталғандарға да жаза мерзімі қысқартылады.

Сонымен қатар заң жобасында амнистия қолданылмайтын тұлғалардың кең тізімі берілген. Атап айтқанда:

  • сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағандар;
  • терроризмге қатысты қылмыстар жасағандар;
  • экстремистік қылмыстар жасағандар;
  • кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасағандар;
  • азаптау фактілеріне қатысы барлар;
  • қылмысты қайталап жасағандар;
  • өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар;
  • қылмыстық топ құрамында әрекет еткендер;
  • жазасын толық өтеп қойғандар;
  • бірнеше қылмыс жасағандардың ішінде амнистияға жатпайтыны барлар;
  • жаза өтеу кезінде қасақана қылмыс жасағандар;
  • сот үкімі сырттай шығарылғандар;
  • сондай-ақ кісі өлтіру, адам өліміне әкелу, суицидке жеткізу, ауыр дене жарақатын салу, адам саудасы, мемлекеттік сатқындық, тыңшылық, билікті күшпен басып алу, тонау, бопсалау және басқа да ауыр қылмыстар жасағандар.

Заң жобасына сәйкес, Қазақстан азаматтары, кәсіпкерлер (жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендер), жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, заң консультанттары және қандас мәртебесі бар тұлғалар 2026 жылғы 17 наурыз сағат 24:00-ге дейін жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынған, бірақ заң күшіне енген күнге дейін төленбеген айыппұлдардан (немесе оның төленбеген бөлігінен) босатылады.

Алайда сот тағайындаған әкімшілік жазалар және бірқатар құқық бұзушылықтар амнистияға ілікпейді 

21 мамырда Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева әкімшілік амнистия аясында бірнеше миллиард теңге көлеміндегі айыппұлдар есептен шығарылатынын мәлімдеді. Негізінен бұл – ішкі істер органдары салған айыппұлдар, олардың басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар