Қонаевтағы сот: Алмасбек Садырбайға қандай айып тағылып отыр?
Фото: tarazy.kz
Қонаевта 1,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінген Алмасбек Садырбайға қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салсақ, Алмасбек Садырбай 2024 жылғы 6 қарашада 1,2 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді. Іс бойынша тергеу мен сот процесі бір жарым жылдан бері жалғасып келеді.
Алайда судья сот залындағы Orda.kz тілшісіне ұялы телефонмен түсірілім жасауға рұқсат бермеді. Оның сөзінше, сот процесін тек кәсіби камерамен түсіруге болады.
Қазіргі уақытта сот залында айыптау актісі оқылуда. Оған Қылмыстық кодекстің үш бірдей бабы бойынша айып тағылып отыр. Нақтырақ айтқанда, ол алаяқтық, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған жетекшілік ету, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған қаражат пен мүлікті заңдастыру баптары бойынша жауапқа тартылуда.
Алмасқа Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық), 262-бабы (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, сондай-ақ оған қатысу), 218-бабы (қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру бойынша айып тағылып отыр.
Айта кетейік, істі судья Нұрсұлтан Қойшыбаев қарап жатыр. Ол отырыс барысында БАҚ өкілдеріне ұялы телефонмен видео түсіруге тыйым салып, процесті тек кәсіби камерамен ғана таспалауға рұқсат берді.
Қоғам белсендісі әрі сарапшы Алмасбек Садырбай сот отырысында өзіне тағылған айыптармен мүлдем келіспейтінін мәлімдеді. Оның сөзінше, қылмыстық іс негізсіз қозғалған және айыптау актісінде нақты айғақтар келтірілмеген.
Сот барысында айыпталушы тергеу процесін сынға алып, іс материалдарының шындыққа жанаспайтынын айтты. Ол мемлекеттік айыптаушылардың сотта нақты дәлелдер ұсына алмайтынына сенімді екенін жеткізді. Сонымен қатар, Садырбай сот процесі кезінде прокурорлар құрамының себепсіз ауыспауын және іске тұрақты қатысуын талап етті.
Өз әрекеттерін түсіндірген ол ешқандай заң бұзушылыққа жол бермегенін, ал атқарған жұмыстары тек Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін қолдау мен дамытуға бағытталғанын алға тартты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық