Моджтаба Хаменеи бұйрық шығарды: Иран уранын шетелге бермейтін болды
Фото: Ашық дереккөзден
Моджтаба Хаменеи қару жасауға жақын деңгейде байытылған уранды шетелге шығармау туралы бұйрық шығарды, деп хабарлайды Orda.kz шетелдік ақпарат көздеріне сүйеніп.
Бұл — Тегеран ұстанымының қатайғанын білдіретін АҚШ-тың негізгі талаптарының біріне қарсы қадам. Сарапшылардың пікірінше, бұл АҚШ, Израиль және Иран арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерді қиындатуы мүмкін.
Reuters-тің израильдік дереккөздерінің мәліметінше, Дональд Трамп Израиль билігіне ядролық қару жасауға қажетті жоғары деңгейде байытылған ирандық уран қоры елден шығарылатынына кепілдік берген. Сондай-ақ кез келген бейбіт келісімде осы талап қамтылатынын айтқан.
Биньямин Нетаньяху соғыс уран елден әкетілмейінше аяқталды деп есептемейтінін мәлімдеген.
«Жоғарғы көшбасшының директивасы мен билік ішіндегі ортақ ұстаным — байытылған уран қоры елден шығарылмауы тиіс», — деді ирандық дереккөз.
Тегеран билігінің пікірінше, материалдарды шетелге жіберу Иран елін болашақта АҚШ пен Израиль тарабынан жасалуы мүмкін шабуылдарға осал етеді. Ал Моджтаба Хаменеи мемлекеттегі ең маңызды мәселелер бойынша соңғы шешімді қабылдайды.
«Президент Трамп АҚШ-тың «қызыл сызықтарын» нақты белгіледі және Америка халқының мүддесі бірінші орында болған жағдайда ғана келісім жасайды», — деді Ақ үй өкілі Оливия Уэйлс.
Тегеран билігі ұрыс қимылдарындағы үзілісті АҚШ-тың тактикалық амалы деп күдіктенеді. Иранның бас келіссөз жүргізушісі Мохаммад-Багер Галибаф сәрсенбі күні «қарсы тараптың ашық және жасырын әрекеттері» америкалықтардың жаңа соққыларға дайындалып жатқанын көрсететінін айтты.
Дональд Трамп сәрсенбі күні АҚШ-тың Тегеранға қарсы шабуылдарды жалғастыруға дайын екенін, бірақ «дұрыс жауап алу» үшін бірнеше күн күте алатынын мәлімдеді.
Еске салсақ, екі күн бұрын Иран билігі байытылған уранды АҚШ-қа емес, Ресейге беру нұсқасын қарастырып жатқанын мәлімдеді, алайда олардың арнайы шарттары бар. Бұл туралы Тегеран Вашингтонмен қақтығысты реттеу жөніндегі қайта қаралған келісім жобасында айтылған.
Иран пысықтаған құжатта ислам республикасы «белгілі бір шарттармен байытылған уранды АҚШ-тың орнына Ресейге беруге дайын» екені көрсетілген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық