Алматыдағы Hilton қонақүйіндегі дау: Ішінде 200 турист пен америкалық әскери қызметкерлер болған
Фото: Orda.kz
Алматыдағы Hilton Almaty қонақүйінде болған көшіру дауы қоғам назарын аудартты. Белгілі болғандай, қонақүй ішінде шамамен 200 турист орналасқан. Олардың арасында америкалық әскери қызметкерлер де бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға орнына Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері барған. Басқарма қызметкерлері бұл жағдай туралы алдын ала хабардар болмағандарын, мәселені тек БАҚ арқылы білгенін мәлімдеді.
Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілі Ақпаев Алмастың айтуынша, қазір ведомство шетелдік туристерге қандай көмек қажет екенін анықтап жатыр.
«Қазір ғана мән-жайды анықтап жатырмыз. Шетелдік туристерге қандай көмек қажет екенін білуге тырысып жатырмыз. Мүмкін, туристерге белгілі бір деңгейде қолдау көрсететін шығармыз», — деді ол.
Қонақүйдегілердің айтуынша, мұнда шамамен 200 турист орналасқан. Сондай-ақ олардың арасында америкалық әскери қызметкерлер де бар.
Әзірге бұл мәселеге қатысты тек Оңтүстік Корея қызығушылық танытқан. Қонақүйдегі әйелдердің бірі «әзірге тек Корея хабарласты» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Америкадан осы жағдай бойынша арнайы өкіл ұшып келе жатыр.
Қазір Туризм басқармасы туроператорлар арқылы қонақүйде нақты қай елдердің азаматтары орналасқанын анықтап жатыр.
«Туроператорларға сұрау жібердік. Осы қонақүйде кімдердің туристері тұрып жатқанын анықтап жатырмыз. Жауап күтіп отырмыз», — деді Ақпаев Алмас.
Сонымен бірге қонақүйдегілердің бірі қазіргі әрекеттер заң талаптарына сай жүргізілмегенін айтты. Оның сөзінше, тұрғындарға алдын ала ескерту жасалып, уақыт берілуі керек болған.
Ал Туризм басқармасы бұл даудың құқықтық жағына араласа алмайтынын жеткізді.
«Бұл сіздердің араларыңыздағы құқықтық қатынастар. Біз тек туристерге көмектесе аламыз. Өйткені бұл — біздің тікелей міндетіміз», — деді басқарма өкілі.
Еске салсақ, бұған дейін Hilton дауына байланысты «Бізге ешкім ескерткен жоқ» деген қонақүй өкілдері сот орындаушысымен сөзге келгенін жаздық.
Алматыдағы «Double Tree by Hilton Almaty» қонақүйі төңірегіндегі дау жаңа деңгейге шықты. Қонақүйді босату мәселесі бойынша сот орындаушысы мен қонақүй өкілдері арасында қызу тартыс болды. Компания заң талаптары бұзылды деп мәлімдесе, сот орындаушысы қонақүй әкімшілігі бір жылдан бері сот шешімін орындамай отырғанын айтты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық