Әуетаксидің ұшу құны белгілі болды
Фото: Orda.kz
Бір ұшу құны — 7 000 теңге. Үкіметте әуе таксиінің бағасы туралы айтылды. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ұшу құны 1 шақырымға 1 доллар болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, қазір әуе таксиін сынақтан өткізуге дайындық жүріп жатыр. 2026 жылы жолаушыларсыз ұшу сынақтары жүргізіледі. Болашақ бағыттар тау кластерін, Алматы әуежайын, қаланың теміржол вокзалдарын, Қонаев қаласын және Қапшағай су қоймасы байланыстырады деп жоспарлануда.
«Мұның бәрін әуеден қарап шығу керек, қандай биіктікте ұшатынын тексеру қажет. Төрт маусым толық өтуі тиіс. Өйткені бұл — қауіпсіздік мәселесі. Аэромагниттік өрістер бар, жоғары вольтты желілер бар», – деді Бозымбаев.
19 мамырда Алматы маңындағы Alatau City аумағында Қазақстандағы алғашқы eVTOL базасындағы әуе таксиінің демонстрациялық ұшуы көрсетілді.
Жобаны жүзеге асырып жатқан — Alatau Advance Air Group Ltd. компаниясы. Бұл Орталық Азиядағы Urban Air Mobility (UAM), яғни қалалық әуе мобильдігін дамыту бағытындағы алғашқы ірі жобалардың бірі болды.
eVTOL — тік ұшып-қонатын, толықтай электр қуатымен жұмыс істейтін жаңа буын әуе көлігі. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл — тікұшақ пен дронның арасындағы гибридке ұқсайтын, бірақ жанармайсыз ұшатын аппарат.
Компания өкілдерінің айтуынша, болашақта әуе көлігінің үш түрлі моделі шығарылмақ. Алғашқысы — жүк тасымалына арналған карго нұсқасы. Екінші түрі адамдарды тасымалдауға және төтенше жағдайларда қолдануға бейімделген. Мұндай аппараттар жоғалған адамдарды іздеуде, өрт кезінде бақылау жүргізуде және құтқару операцияларында тиімді болуы мүмкін.
Еске салсақ, болашақта Алматы әуежайынан Медеуге дейінгі аралықты 10–12 минутта еңсере алатын аэротаксидің коммерциялық ұшулары 2028 жылға қарай іске қосу жоспарланып отыр.
Оған дейін аппараттарды сертификаттау, инфрақұрылым салу, дрондар мен eVTOL аппараттарын басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін әзірлеу және басқа да дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық