«Семей орманы» аумағындағы алапат өртті сөндіруге авиация тартылды
Бейнеден скриншот
Абай облысында «Семей орманы» аумағында орман өрті сөндіріліп жатыр. Өртті ауыздықтау жұмыстарына авиация да жұмылдырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Резерват мәліметінше, өрт 16 шілде күні сағат 09:45-те Бородулиха филиалына қарасты Камышенка орманшылығының 57-орамында тіркелген.
Қазақстан Экология министрлігі хабарлауынша, өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің жеті қызметкері, автоцистерна, шағын орман өрт сөндіру кешені, трактор және су төгетін Bambi Bucket құрылғысымен жабдықталған Қазавиаорманқорғау ұшағы тартылған.
Күшейту үшін оқиға орнына қосымша екі автоцистерна, екі трактор, тағы бір шағын өрт сөндіру кешені, төтенше жағдайлар департаментінің 30 қызметкері мен сегіз техникасы, сондай-ақ орман күзетінің тағы 11 қызметкері жіберілді.
Сонымен қатар, Бөкебай ауылынан Bambi Bucket құрылғысымен жабдықталған AS350 тікұшағы және авиациялық өрт сөндіру қызметінің десантшылары ұшып шықты. Катонқарағай ауылынан Қазавиаорманқорғау мекемесінің Ми-8 тікұшағы да жолданды.
Резерваттың мәліметінше, өрт болған аймақта ауа температурасы +34 градусқа жеткен. Солтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына төрт метр, екпіні сегіз метрге дейін барады. Өңірде өрт қаупінің бесінші, яғни төтенше деңгейі сақталып отыр.
Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. Семей орманы мемлекеттік орман табиғи резерватының дерегінше, жағдай бақылауда.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық