«Семей орманы»: Құтқарушылар ашық жанып жатқан өртті тоқтатты
Фото: ТЖМ
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы орман өртін сөндіру жұмыстары күн-түн демей жалғасып жатыр. Өрт сөндірушілер ашық жануды жойды, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚР Экология министрлігі мәліметінше, 17 шілде таңғы сағат 07:00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге 769 адам, 191 жерүсті техникасы және 8 тікұшақ қатыстырылған.
Министрліктің хабарлауынша, барлық қызметтердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында ашық жану толықтай сөндірілген.
Қазіргі уақытта жекелеген бықсыған ошақтарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түні бойы жеке құрам өртті оқшаулау жұмыстарын жалғастырған. Өрт басталғалы бері авиация 219 рет су төгіп, өрт ошағына жалпы көлемі 474 тонна су жеткізілген.
Қазіргі уақытта орман өртін толықтай оқшаулау және жою жұмыстары жалғасуда. Экология министрлігінің мәліметінше, жағдай тұрақты бақылауда.
Бұған дейін біз Абай облысындағы «Семей орманы» резерваты аумағында орман өрті шыққаны хабарлаған едік. Оны сөндіруге жерүсті техникасы мен авиация тартылды.
Кейін полиция «DosbolLike» лагерінен 190 бала мен 20 қызметкер эвакуацияланғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ Премьер-министр Олжас Бектенов оқиға орнына министрлерді шұғыл түрде жіберген болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық